Басып шығару нұсқасы
20.01.2018, 07:45

Шымкенттік романтик жігіттің әрекеті қала тұрғындарын таңғалдырды

Шымкенттік романтик жігіттің әрекеті қала тұрғындарын таңғалдырды stan.kz

Шымкенттік жас жігіт қоғамдық көлікте танысқан қызға іздеу салды. Ол Катя есімді бойжеткенді табу үшін автобус бағытының бойымен хабарландыру қағаздарын іліп тастаған. Бұл туралы Stan.kz порталы go13.kz сайтына сілтеп хабарлайды.

Жігіт ұнатып қалған қызбен №35 бағыттағы автобуста танысқанын жазған. Сондықтан да ол қыздың есімін үлкен әріптермен жазып, қоғамдық көлік жүретін жол бойына іліп тастаған.

Мұны көрген желі оқырмандары жас жігіттің әрекетіне қайран қалысып жатыр. Олар 21-ғасырда романтик жігіттердің бар екеніне таңғалуда.

“Расымен де романтика қайтып келген бе? Қандай күшті әрі қызық. Бұлай жалғаса берсе, қыздардың табиғи сұлулығы да сәнге кіретін шығар”, – деп пікір білдірді оқырмандардың бірі.

Оқырмандардың көбі қыз хат иесіне хабарласуы керек деп топшылады.