Басып шығару нұсқасы
18.01.2018, 00:37

Желіде Ақорда қақпасына соқтығысқан Porsche Cayenne көлігінің суреттері пайда болды

Әлеуметтік желілерде Ақорда қақпасына соқтығысқан Porsche Cayenne көлігінің суреттері пайда болды.

Бұл туралы Tengrinews.kz жазады.

Суреттердің қашан түсірілгені белгісіз.

Расталмаған мәліметтер бойынша, автомобильде полиция қызметкерлері болған.

БАҚ құзырлы органдарға сауалхат жолдады.

 

Ұқсас сілтемелер