Басып шығару нұсқасы
21.01.2018, 09:04

Банк тонауға электрарасын арқалап келген ұры күлкіге қалды

Банк тонауға электрарасын арқалап келген ұры күлкіге қалды Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Флорида штатындағы Лейк-Сити қаласында тұратын 20 жастағы Карен Ли Джохимми лицензиясы бар қару ұстамаған. Бірақ ол ұрлыққа электрліарасын арқалап шығыпты, деп жазады aikyn.kz порталына сілтемемен silteme.kz.

Сөйтіп «Говард Джонсон» әкімшілігіне баса-көктеп кіріп, тез арада сейфті ашып, ондағы барлық ақшаны беруді талап етеді. Өйтпеген жағдайда электрліарамен барлық қызметкерді қырып салатындығын мәлімдейді. Оның әрекетіне мекеме әкімшісі ішегі қатқанша күледі. Себебі, ұры қолындағы қаруын тоқ көзіне қосуды ұмытып кетіпті.

Осылайша, ол өз аңғалдығының кесірінен тұтылған көрінеді.

Ұқсас сілтемелер