Басып шығару нұсқасы
12.01.2018, 16:05

Жапонияның ең жолы болғыш адамы анықталды

Дереккөз: 24.kz Дереккөз: 24.kz Фото: 24.kz

Жапонияның Нисиномия қаласында «жолы болғыш адам» атағы үшін жүгіруден дәстүрлі жарыс өтті.

5 мыңнан астам адам таңсәріден шаһардағы ғибадатхананың ауласына жиналып, 230 метр қашықтыққа жүгірді. Ереже бойынша құлшылық үйіне бірінші болып жетіп, ондағы қызметкерді алғаш болып ұстаған адам жеңіске жетеді.

Ал биылғы жарыста үш бозбаланың бағы жанды. «Ең сәтті адам» атағын Куросу Сато есімді жоғарғы сынып оқушысы жеңіп алды.

Ал бұл жарыстың тарихы XVI ғасырдан бастау алады. Тұрғындар саудагерлерді қорғайтын әулиеге арналған осы ғибадатханаға келіп, еске алу күні мінажат етіп отырған. Сол кезде әрбір тұрғын бұл орынға бірінші жетуге тырысып, кейіннен ол жүгіруге, содан соң жарысқа ұласқан.

Ұқсас сілтемелер