Басып шығару нұсқасы
30.12.2017, 18:10

Ит жоғалып кеткен үш жасар сәбиді тауып берді

Ит жоғалып кеткен үш жасар сәбиді тауып берді Фото: DogCatFan.com

«Шериф» атты неміс овчаркасы жоғалып кеткен үш жасар сәбиді тауып алды, деп хабарлайды khabar.kz.

Ит еліміздің Ұлттық гвардиясының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөліміне тиесілі. Қала ішінде патруль қызметінде жүрген сарбаздарға көмек сұрап жылаған әйел келеді. Ол қызымен бірге дүкенге кіргенін, аңдаусызда қызының дүкеннен шығып, белгісіз бағытқа кеткенін түсіндірді. Анасы жарты сағат бойы қызын іздесе де, нәтиже болмаған. Қорқып қалған сәбиді қызметтік ит қолғабының иісі арқылы 15 минутта тауып алды. Бұл Шерифтің алғашқы еңбегі емес. 4 жылғы қызметінде ол қарулы қылмыскерді ұстау операцияларына бірнеше рет қатысқан. Тек соңғы айлар ішінде кәмелетке толмаған 5 баланы табуға көмектескен.

"Неміс овчаркалары әмбебап ит болғандықтан, қызметтік ит ретінде баулимыз. Оларды қызметтің барлық түріне жаттықтыруға болады. Бізде негізінен бұл иттер күзет, есірткі мен жарылғыш заттарды іздестіру және қарауылдық қызметтері кезінде пайдаланылады. Шериф із соңына түсу жұмысын керемет атқарды", - дейді әскери жасақ тобының басшысы Аслан Шалабаев.

Ұқсас сілтемелер