1. Жұмысбасты еркектердің дұрыс тамақтанбауы, түскі үзілісте қорытылуы баяу құрғақ тамақтарды жей салу, ал керісінше кешкі асқа келіншегі дайындаған майлы асты ашқарақтана жеу семіздікке апарар тура жол.
2. Қозғалыстың аздығы, яғни күні бойы кеңседе компьютердің алдында тапжылмай отыру немесе көліктен түспей жүру ағзада артық колорияның жиналуына әкеп соғады.
3. 30 пайыз ерлер отбасындағы депрессиядан, күйзелістен, ұрыс-керістен, төсек қатынасының қалыпты жағдайдан ауытқуынан да семіріп кетеді. Есіңде болсын, ер-азамат, 15 минуттық секс ләззаты 15 минуттық жүгірістен әлдеқайда артық колорияны жейді.
4. Сыраны көп ішу де семіздікке ұрындырады. Сіз мүмкін сыраның колориясы шұжықтікінен көп емес деп ойлайтын шығарсыз. Солай бола тұрса да, сырамен қосып жейтін ұсақ дәндер, жаңғақтар, шекілдеуіктер ағзадағы майды жинайды. Жатар алдында сыраны көп ішетін адамдар, бүйрек ауруына шалдығады.
5. Темекі шегуді тоқтатқан адамдар толысып кетуден қорқады. Ол темекіні қойғаннан емес, тәбетіңіздің ашылғандығынан. Егер сіз темекі шегуді шектеген болсаңыз, онда дұрыс тамақтану тәртібін жасаңыз. Егер осы айтылғандардың сіздің семіруіңізге еш қатысы болмаса, онда эндокринолог дәрігерге көрінгеніңіз абзал.