Басып шығару нұсқасы
20.12.2017, 09:22

Павлодарда қайнаған суға күйген зообақтағы жануарлар қырылып қалды

Павлодарда зообақта болған апаттан елуге жуық жан-жануар қырылып қалды, деп хабарлайды КТК-ға сілтемемен silteme.kz АА.

Ақпарат көзінің дерегінше, бұған нысан ішіндегі жылу құбырының жарылуы себеп болған. Хайуандар сол ыстық суға күйіп өлді.

Айрықша зообақ иесі Ольга Горбикова мұндай төтенше жағдайдың бұған дейін де болғанын айтқан. Бұл жерді жалға алған ол нысан қожайынынан құбырларды ауыстыруды бірнеше рет сұрағанымен, ештеңе өзгермепті. Ақыры қатты қысымға шыдамаған пластикалық құбыр тағы да жарылған.

Жануарларды елге ұстап көрсетіп,  табыс тауып келген кәсіпкер енді өзін тақырға отырғызған азаматтан 2 миллион теңге материалдық шығын өндіріп алуға бекініп отыр. Айтуынша, зообақта төтенше оқиға орын алды дегенді естіп жеткенінде өзін қоярға жер таппапты. Өйткені екі жыл бойы күтіп баққан тышқан, жылан, қоян, жанат, тасбақа, кірпі тағы басқалары тірідей буға пісіп қалған екен. 

 

– Бұл жануарлардың бәрін балаларымдай жақсы көрдім. Бәрі қолға үйретілген болатын. Бір адамның ұқыпсыздығынан қырық жануар бір сәтте тірідей қырылып қалды. Нысан қожайыны келді, дым болмағандай кетіп қалды. Тіпті кешірім де сұрамады, деп қынжылыс білдірген Ольга Горбикова.

Ұқсас сілтемелер