Басып шығару нұсқасы
27.12.2017, 09:31

Шымкент жақта ұзындығы бір жарым метрлік кесірткелердің мекендейтінін білесіз бе?

Келес кесірткесі кесірт­келердің варандар тұқым­дасына жататын Орта Азия мен Қазақстанда таралған ең ірі кесіртке болып табылады.

Оның дене тұрқының ұзын­дығы 150 сантиметр, салмағы 2,5-3 келіге жетеді. Келес ке­сірткесінің денесінің бұлшық еттері өте жақсы жетілген, аяқ­та­рындағы 5 саусақтары ұзын, ұшында ішке қарай иілген тырнақтары болады. Мойны жуан. Терісін қаптап тұратын қабыршақтарын сыртынан айналдыра ұсақ қабыршақтар сақина тәрізді қоршап тұрады.

Келес кесіртке Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі Қызылқұм мен Сырдария өзенінің өң жағалауындағы шөлді аумақтарда кездеседі.

Басы көп қырлы қалқаншалармен қапталған. Құрсақ жағындағы төрт қырлы қалқаншалары көл­денеңінен орналасқан. Көз қарашығы үлкен, қозғал­малы қабақтары болады. Құлақ тесігі ылғи да ашық жатады. Аузындағы тілінің ұшы жыланның тіліне ұқсас екі айыр. Тістері өткір, түскен тісінің орнына жаңа тіс шығады. Реңі онша ашық емес, көбінесе құмға ұқсас сұр түсті болып келеді.

© kazgazeta.kz

Ұқсас сілтемелер