Басып шығару нұсқасы
21.12.2016, 20:54

Сахара шөліне қар түсті

Алжирдегі Сахара шөлінде, Айн-Сефре қаласына қар түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Шөлдегі қарды суретші Карим Боучатата суретке түсіріп алған. Оның туындысын TSA Algerie порталы жария етті, деп хабарлайды РБК. Автордың суреттерге деген түсіндірме жазуларында қар дүйсенбі күні жауғандығы және ол таулы аймақтарда аз ғана қалғандығы айтылады. Боучатата бұл аймақта 2013 жылдан бері қардың жауғанын көрмеген. Ол сөзінде жергілікті тұрғындардың қарды көргенде қатты таңқалғанын айтады. Айн-Сефре қаласы Алжирдің таулы аймақтар мен орманы бар жалғыз ғана қаласы.

Ұқсас сілтемелер