Басып шығару нұсқасы
06.12.2016, 21:19

Гитлердің үйлену тойында түскен беймәлім суреттері жарияланды

Ғаламторда Адольф Гитлердің күні бүгінге дейін беймәлім болып келген суреттері жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz.

 Интернетте Гитлердің офицер Герман Фегелейн мен Гретль Браунның үйлену тойында түскен суреттері тарады. Ақ-қара түсті суреттер Зальцбургтегі Мирабель сарайында 1944 жылы түсірілген.

Гитлермен бірге тойға оның жеке хатшысы Мартин Борман мен рейхсфюрер Генрих Гиммлер қатысқан. Үйлену тойын Гитлердің азаматтық некедегі әйелі, қалыңдықтың әпкесі Ева Браун ұйымдастырған.

 

11 айдан кейін Гитлер Фегелейнді әскерден қашқаны үшін атып тастауға бұйрық береді.

 

12 суреттің барлығы аукционда 400 фунт стерлингке сатылды.

 

 

Ұқсас сілтемелер