Басып шығару нұсқасы
23.12.2017, 14:38

31 желтоқсанда «Qazaqstan» арнасы Диснейдің «Рапунцель » атты мультфильмін қазақ тілінде көрсетеді

31 желтоқсанда «Qazaqstan» арнасы Диснейдің «Рапунцель » атты мультфильмін қазақ тілінде көрсетеді Фото: tlum.ru

«Қазақстан» РТРК» телерадиокорпорациясы  Астана қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балалар, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылардың  балалары мен  балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық шара ұйымдастырып,  шырша  мерекесіне шақырды.  Бұл жолы корпорация басшылығы мен қызметкерлері корпоративтік кештің орнына балаларға тамаша көңіл – күй мен жаңа жылдық мереке сыйлауды жөн көрді, деп хабарлайды silteme.kz.

Іс-шара барысында «Walt Disney» компаниясының қазақ тіліне дубляждалған «Қайтпас қайсарлар» анимациялық фильмінің көрсетілімі өтті.

Айта кетейік, Ұлттық арнаның кинодубляж бөлімі әлемдік компаниялардың мульфильмдерін бірнеше жыл қазақ тіліне аударып келеді. Мультфильм аяқталған соң балақайлар "balapan" телеарнасының мульткейіпкерлерімен бірігіп  шырша мерекесіне аттанды. Ортада құрылған шыршаны айналып ән салып, би билеп Аяз ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті.  «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастырған  мерекелік кеште  түрлі сый-сияпаттарға ие болған балалар жаңа жылдық тамаша көңіл-күйге  бөленді.

Осындай шараларды телерадиокорпорация болашақта да жалғастырмақ.  Ал, 31 желтоқсанда «Qazaqstan» Ұлттық арнасы Диснейдің әйгілі  «Рапунцель » атты мульфильмін кішкентай көрермендеріне тарту етпек.

Ұқсас сілтемелер