Мәдениет

Показать содержимое по тегу: Мәдениет

Ресейдегі Қазақстан елші­лігінде ресейлік белгілі исламтанушы, Ресей ғылым академиясы Ұлы Петр атындағы антропология және этнография музейі (Кунскамера) директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, халықаралық «Manuscripta Orientalia» журна­лының бас редакторы Ефим Резванмен кездесу болып өтті. Бұл кездесу Қазақстан елшілігі бастамашы болған «Елші кештері» жаңа жобасы аясында ұйымдастырылды, дер хабарлайды egemen.kz.

Опубликовано в Руханият

Жанрлық сипаты жағынан алуан мазмұнға ие қазақ әні мен күйі талайды таңғалдырып, тәнті етіп келеді. Дала классикалық әндерін шырқап жүрген жапон қызы Мидзуки Накамура «қазақ халық музыкасы өзгеше реңке ие» дейді. Халық әндерінің ішінде құрылымы күрделі, диапазоны кең дәстүрлі кәсіби әндермен пара-пар келетін романстық үлгідегі «Ақбақай» әні Мидзукидің сүйікті әні екен.

Опубликовано в Сұхбат

Сұхбат алу - өнер. Журналистің білімі, мәдениеті, тәжірбиесін айқындайтын алаң.

Опубликовано в Нетократия

Қырғыз елі осымен екінші мәрте көшпелі халықтың көне дәстүрін дәріптеушілерді қарсы алмақ, деп хабарлайды khabar.kz.

Бүгін Шолпан-Ата қаласында басталатын Көшпенділердің екінші дүниежүзілік ойындарына әлемнің 53 мемлекетінен мыңға тарта спортшы қатысады деп күтілуде. 

Олар 23 ойын түрі бойынша бақ сынамақ. Қазақстан намысын 75 спортшы қорғайды. Жарыс қыркүйектің 8-іне дейін жалғасады. Айта кетейік, 2014 жылы өткен алғашқы ойындарда Қазақстан жалпы командалық есепте 2-ші орын алған болатын. Ал 2018 жылы Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары Түркияда өтпек. 

Опубликовано в Ұлттық спорт

Бүгін Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жүргізуді үйретудің шеберлік кластары басталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің сайты жариялады. 

Шеберлік сабақтары 22-26 тамыз аралығында өткізіледі. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша  Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастыруда.

Аталған шеберлік кластары мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға ілеспе аударма жасайтын аудармашылардың біліктілігін арттыруды көздейді.

Шеберлік кластарында аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық үлгілері, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым  мамандар озық тәжірибесімен бөліседі.

Шеберлік кластарын белгілі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова және тәжірибелі ғалым аудармашылар жүргізеді.

Шеберлік сабақтарына орталық және жергілікті атқарушы органдары мен ұлттық компаниялардың аудармашылары қатысады. 

Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.

Опубликовано в Тіл
Страница 4 из 5

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер