Басып шығару нұсқасы
22.11.2016, 14:11

ҚМДБ бейнероликтерге бәйге жариялады

Астана. 21 қараша. E-ISLAM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мәуліт мерекесіне орай «МӘҢГІЛІК ӨНЕГЕ – ӘЗ МҰХАММЕД МҰСТАФА ﷺ» атты бейнероликтерге бәйге жариялайды.

Бәйге шарттары:

1. Бейнеролик мазмұны пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өнегелі өмірі, көркем мінезі, мұсылмандардың оған деген сағынышы мен оның ізгі амалдарын жалғастыруға ынталандыру бағыттарында болуы;

2. Бейнеролик уақыты 3 минут пен 7 минут арасында болуы;

3. Жоғары сапада (HD 1080px1920p) сақталуы;

4. Бұрын еш жерде жарияланбаған болуы;

Бейнероликті kmdbkz@gmail.com электронды мекен-жайына 5 желтоқсанға дейін жіберу керек.

Бәйге қорытындысы ҚМДБ Мәуліт мерекесінің кешінде жарияланады. Бас жүлдеге қасиетті қажылық сапарына арнайы жолдама берілетін болады.

Сайт: Muftyat.kz

Телефон: 8 727 397 63 97, 8 727 397 64 84, 8 778 881 33 33