Басып шығару нұсқасы
26.10.2016, 10:10

Дін істері министрі Чэн Гопинмен кездесті

25 қазанда Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Қытай Халық Республикасының терроризммен күрес және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, ҚХР Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Саяси-заңгерлік комитетінің аға өкілі Чэн Гопинмен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметі.

Тараптар кездесу барысында қауіпсіздік, діни экстремизмге және терроризмге қарсы күрес саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин қатысты.