Басып шығару нұсқасы
12.10.2016, 09:23

Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік бюджеттің 40%-ы бөлінеді

2017 жылы республикалық бюджеттен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне 3,104 трлн теңге бөледі, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Министрлік  3 жылдық бюджет жобасын министрліктің  2017-2021 жылдарға арналған жоспарына сәйкес ұйымдастырады. 2017 жылдың стратегиялық жоспарын жүзеге асыру үшін 2017 жылға  3 трлн  104 млрд теңге бөлу қарастырылған, ол ЖІӨ қатынасына сәйкес 6,4 пайызды құрап, республикалық бюджетке 40 пайыз көрсеткішті  құрайды. Оның ішінде  3 трлн  047 млрд теңгесі – ағымдағы бағдарлама, 57 млрд теңге – даму бюджеті», — деді вице-министр.

Оның айтуынша, 2018 жылға да бюджет жоспарланған, ол 3 трлн  457 млрд теңгені құрап отыр.  2019 жылғы бюджет  3 трлн  947 млрд теңгені құрады.

Вице-министр айтып өткендей, ДСӘДМ шығыны  2 бағытқа бөлінеді: денсаулық сақтау,2017 жылғы шығыны 1 трлн 014 млрд теңге, әлеуметтік даму – 2 трлн 090 млрд теңге.

 «Денсаулық сақтау саласында КТМКК саласына  90 пайыздық үлес қосылады, ол 915 млрд теңге. Қалған қаржы кадр дайындау және медициналық кадрларды дамытуға  бағытталған», — деді ол.

 Әлеуметтік  еңбек саласында 96 пайыз немесе 1 трлн 998 млрд теңге әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақыны құрады.

LS-тің жазуынша, бөлінген сома ЖІӨ-нің 6,4%-ын немесе барлық мемлекеттік бюджеттің 40%-ын құрайды.

Ұқсас сілтемелер