Басып шығару нұсқасы
27.09.2016, 17:15

«Шалқар» радиосы «25 жылға – 25 жыр» байқауын жариялайды

«Шалқар» ұлттық радиосы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 жылға – 25 жыр» атты поэзия марафонын бастайды деп хабарлайды silteme.kz.

Марафонға 25 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады. ЕСКЕРТУ: Өлеңдер отансүйгіштік тақырыбында болуы тиіс. 

Байқауға қатысушылар шығармаларын sseitman@mail.ru электронды поштасына жолдаулары керек. Ең үздік 25 өлең Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосының эфирлерінен беріледі. Сондай-ақ, жинақ болып басылып, аудиотаспа түрінде елге тарайды.

Шығармалар 1 желтоқсанға дейін қабылданады.

Қосымша мәліметтерді 8 (717) 2 55-33-49 байланыс телефонынан біле аласыздар

Ұқсас сілтемелер