Ақмола облысы: «Көкшетау – Нұр-Сұлтан» тас жолының бойында бес ұлы тұлғаға ескерткіш орнатылды
09.07.2019ж.

Ақмола облысы: «Көкшетау – Нұр-Сұлтан» тас жолының бойында бес ұлы тұлғаға ескерткіш орнатылды

Бұл туралы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ғ.Шойкин өзінің фэйсбуктегі ресми парақшасында жария етті, деп хабарлайды silteme.kz AA.

"Құрметтi достар!

Құтты болсын!

Ақмола облысы барша қазақ елiне тағыда бiр тамаша тарту жасады!

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Көкшетау – Нұр-Сұлтан» тас жолының бойында тарихи-мәдени мұралардың бес нысаны – ұлы тарихи тұлғалар Ақан сері, Біржан сал, Кенесары Хан, Үкілі Ыбырай және Балуан Шолаққа ескерткіш орнатылды", - деп жазған Ғ.Шойкин.

 

 

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының дерегінше, айталық, Ақан Қорамсаұлы 1843 жылы қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қоскөл ауылында дүниеге келген.
Ақан 16-17 жасында музыка және өлеңдерді шығара бастады. Оның ерте шығармаларында махаббат тақырыбы басты болды. Оның ең белгілі лирикалық әндері «Каранар», «Перизат», «Ақтоқты» және т.б.
Жас Ақанның талантын көрген туыстары оған Құлагер атты екі жылдық ат, Қараторғай атты бүркітті және Көкжендет атты қаршығаны сыйға тартқан.
Сал сері-шығармашыл адамдарға тән барлық дәстүрлерді ұстанатын Ақан өзінде тұлпарды, жүйрік бүркітті, ұшқыр төбетті қасында ұстады. Олар «Құлагер», «Маңмаңгер», «Көкжендет», «Екі торы ат», «Алайкөк», «Тер қатқан» сияқты тамаша әндерді шығаруға себеп болды. Сондай-ақ, оның «Көкшетау», «Сырымбет», «Кербез сұлу» шығармалары туған жерге, туған жердің махаббатына арналған.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер