Басып шығару нұсқасы
02.07.2019, 20:01

Көпбалалы отбасылардың 50 ұл-қызына ағылшын тілі тегін үйретілуде

Бүгін бұл дүрмектің бірінші легі курсты толық аяқтағандықтары туралы сертификаттарын алды.

Бұл туралы «United Citizens Fund» қоғамдық қорының төрағасы, мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаров өзінің фэйсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды silteme.kz AA.

 

"Бұған дейін рия болады деп салмай жүр едік. Бірақ бұл да керек екен. Əркім қолынан келген қайырын жасайды. Біздің фонд жыл басынан бері Алматыда заманына сай болсын деп қазақ тілді 50 көпбалалы отбасы ұл-қызына тегін ағылшын тілін үйретіп келе жатқан еді. Міне, бүгін сол дүрмектің бірінші легі курсты толық аяқтағандықтары туралы сертификаттарын алды", - деген ол парақшасында.

 

 

"Осы балалардың ағылшынша əліп танып, тіл үйренуіне аянбай еңбектенген ұжымымыздың полиглоттары Ерболат, Ардақ, Гүлбану, Қарлығаш, Мейірхан, Жұлдыз, Байдирахманова, Тұрлыбековаларға мың алғыс!

Алды 6, соңы 4 тілден білетін олардың қай-қайсысы да мықты мамандар! Иншалла, игі іс жалғасын таба бермек!", - деп атап өткен Қор төрағасы.                       Айта кетейік, қазіргі таңда Қор негізінен ағартушылық-тәлімдік бағыттарда жұмыс жүргізуде. Ол жұмыстың басым бөлігі "Empire Education" білім беру орталығы арқылы жүзеге асырылуда. Ал бұл жоба "Ағылшынша тіл сындыру" әлеуметтік жобасы аясында қолға алынды.       

 

https://www.facebook.com/abylai.rysbai/videos/2441395159436206/?t=62

Ұқсас сілтемелер