Басып шығару нұсқасы
19.06.2019, 14:03

Ертең «Диқан қазынасы» атты тұңғыш агросалалық фольклор жинағының тұсаукесер рәсімі өтеді

Ертең «Диқан қазынасы» атты тұңғыш агросалалық фольклор жинағының тұсаукесер рәсімі өтеді Фото: naryk.kz

2019 жылғы  20  маусымда    сағ.11.00-де ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің брифинг залында «Диқан қазынасы» атты қазақ халқының диқандық-егіншілік, бағбандық дүниетанымына негізделген тұңғыш агросалалық фольклорлық жинағының тұсаукесер рәсімі өтеді, деп хабарлайды silteme.kz.

Аталған жинақты А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы шығарап отыр. Оны құрастырып, алғы сөзін жазған, баспаға әзірлеген әлеуметтік кәсіпкер, мәдениеттанушы-лингвист А.Қалназаров.

Шараға құрастырушымен қатар, А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры, академик К.Абдуллаев, осы орталықтың қоғаммен байланыс өкілі З.Әліпбек қатысады деп күтілуде.

Еңбекке егіншілік-бағбандық мәдениетіне қатысты тақырыптық аңыздары мен әпсаналар шоғыры, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар енгізілген.

Кітап ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлері мен сала мамандарына, мектеп оқушыларына, мұғалімдерге, студенттер мен магистранттарға, сондай-ақ қайталанбас төл фольклор, ілкі сөздер мен мифтерге қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

Байланыс: 8 778 442 84 13 немесе info@silteme.kz

Мекен-жай: Нұр-Сұлтан, Кенесары көшесі 36

 

                                                   Представитель СМИ/БАҚ өкілі

ИИН/ЖСН

 

ФИО/АӘТ

 

Номер удостоверение/Куәлік номері

 

Серийный номер оборудование/Құрылғының сериялық номері

 

Ұқсас сілтемелер