Астанада «Қасиетті Қазақ елі» халықаралық өнер фестивальі өтті
07.11.2018ж.

Астанада «Қасиетті Қазақ елі» халықаралық өнер фестивальі өтті

Бейбітшілік және келісім сарайында шетелде тұратын отандастарымыздың қатысуымен «Қасиетті Қазақ Елі» халықаралық өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды silteme.kz.

Өнер фестиваліне еліміздің әр өңірінен келген қатысушылардан бөлек,  Германия, Франция, Қытай, Ресей, Моңғолия, Түркия сияқты алыс-жақын шетелдерден 50-ден астам қандастарымыз қатысты. 

Фестивалдің мақсаты – отандастарымыздың шығармашылық және білім әлеуетін арттыру,  оларға қатысты маңызды мәселелерді талқылау, туған тіл мен мәдени құндылықтарды игеруі тұрғысынан қазақ диаспорасына әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету, талантты орындаушыларды анықтау және қолдау көрсету болып табылады.

Фестиваль аясында мүшайра, терме және халықтық қолданбалы өнер номинациялары бойынша сайыстар ұйымдастырылды.

Фестивальдің жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, «Отандастар қоры» КЕҰ Президенті Нұртай Әбіқаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты.

Қатысушылар алдында ҚР Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев құттықтау сөз сөйлеп,  «Қасиетті Қазақ Елі» халықаралық өнер фестивалі Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып отырғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта әлемнің 43 мемлекетінде 5 милионнан астам қандастарымыз тұрады. Олардың басым бөлігі Қазақстанмен шекаралас елдерде өмір сүреді: Өзбекстан (900 мың адам), Қытай (1,5 млн адам), Ресей (800 мың адам), Түркменстан (65 мың адам), Моңғолия (142 мың адам) және Қырғызстан (33 мың адам).

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер