Басып шығару нұсқасы
15.05.2018, 17:13

«ҚҰТТЫ БІЛІК» ПЕ, ӘЛДЕ «ҚҰТТЫ БИЛІК» ПЕ?

Елбасымыз жариялаған «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында та­рихи мұраларымызды ұлттық көзқараста зер­делеуге соны қадамдар жасалуда. Осы ба­ғыт­тағы қандай зерттеу жұмысы болса да, бар­лығы еліміздің тұғырын бекітіп, мемле­кет­тігін нығайтып, мәңгілік ел болуымызға қыз­мет ету керек. Иә, осы тұста мынадай заң­ды сұрақтар туады: рухани мұрала­ры­мыз­ды насихаттау арқылы мемлекетіміздің тұ­рақ­тылығын қалай сақтаймыз? Ұлттық ко­ды­мызды жаңғыртып, халқымыздың са­­на­сын қалай жаңғырта аламыз? Ең маңыз­ды­сы, мәңгілік ел болу үшін не істеуіміз ке­рек?

Бұл сұрақтардың жауабын бабаларымыз он ғасыр бұрын жазып қалдырғанын біреу біл­се, біреу білмес. Нақтырақ айтсақ, 1069 жы­лы қазақ топырағында туған Жүсіп Бала­са­ғұн бабамыз «Құтадғу білік» атты еңбегінде мұның барлығын егжей-тегжейлі баяндайды. Бүгінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру, са­палы кадр дайындау, билік өкілдері мен қо­ғамның қарым-қатынасын реттеу, ішкі сая­си тұрақтылықты сақтау және сыртқы ел­дермен ынтымақтастық орнатуда бұл кі­тап­тың алар орны ерекше. Алайда бұған дейін «Құт әкелуші білім» және «Құтты білік» деген секілді атаулар беріліп, кітаптың білімге қа­тысты қырына көбірек назар аударылып кел­ді. Енді «Құтадғу біліктің» билікке қатыс­ты тұстарына басымдық беріп, бүгінгі мем­ле­ке­тіміздің тамыры тереңде жатқанын ашып көрсетуіміз керек. Міне, біз он ғасыр бұрын ба­баларымыз құрған мемлекетіміздің құры­лымын, оның басқару жүйесін және қоғам­мен қарым-қатынасын көре аламыз. Мем­ле­кет­тік лауазымдар мен олардың дәре­же­­лерімен және ол лауазым иелеріне қойылатын талаптар мен жүктелген міндеттермен танысамыз. Сон­дай-ақ адамның тұлға ретінде қалып­та­сып, кемелдік деңгейге жетуіне үйрететін ілім­нің кілтін табамыз. Айталық, ел басқару ісі­не араласқан кісінің шыққан тегі мен ал­ған тәрбиесі, болмыс-бітімі, ақыл-парасаты, бі­лімі, қабілеті, мінез-құлқы және сырт кел­беті қандай болу керек? Олардың атқаратын қыз­меті, құқығы және ел алдындағы мін­дет­тері қандай? Осының барлығы аталмыш кі­тап­та кеңінен жазылған. Бір сөзбен айтқанда, құ­қықтық қоғам мен демократиялық мем­ле­кеттің өлшемдері көрсетіледі. Жүсіп Бала­сағұн өз еңбегінде жазылып сақталған мәлі­мет­тің құнды екенін айта келе, «бізге дейінгі мә­лімет жазылып сақталмағанда, олар­дың хабарын қайдан білер едік» дейді. Демек, ол мемлекет басқару туралы идеяларында Қа­рахан мемлекетіне дейінгі бабаларымыз құр­ған қағанаттардың тәжірибелерінен үлгі ал­ғаны байқалады.
Ертеден әлемде көптеген мемлекет қай­рат­керлері мен саяси тұлғалар бұл тақырыпта ар­найы қалам тербеген. Кезінде утопия се­кіл­ді көрінсе де, грек ойшылдары Аристо­тель, Сократ, Платон және ежелгі Қытайда Кон­фуций секілді ойшылдар қоғамның, мем­лекеттің ізгілікпен, біліммен, парасатпен басқарылу керектігін айтты. Қазақ даласынан шық­қан әл-Фараби «Қайырымды қала тұр­ғындары» атты трактат жазды. 1091 жылы би­лік тақырыбын көтерген Селжұқ мемле­ке­тінің бас уәзірі Низамүл Мүлк «Саясатнама» атты кітап жазып, оны Селжұқ сұлтаны Мә­лік­шахқа тарту етті. 1513 жылы Италияда Ник­коло Макиавелли «Il Principe» (Государь, The Prince) деген кітап жазып, король Лорен­зо до Медичиге сыйлады. Олар мемлекетті әді­летті басқару, елдің жағдайын жақсарту се­кілді құқықтық-демократиялық мемле­кет­тің өлшемдерін көрсетті. Дәл осы еңбектер се­кілді Қарахан мемлекеті тұсында 1069 жы­лы Жүсіп Баласағұн «Құтадғу білік» атты кітап жазып, оны Табғаш Боғра ханға сыйға тарт­ты. Шындығында, ол кітаптың жазылу мақ­саты – мемлекетті нығайтып, ел бас­қару­ды жетілдіріп, халықты сауаттандырып, құт-бе­реке дарыған, бақыт қонған ізгі мемлекетке ай­налдыру болатын. Демек, Жүсіп Бала­сағұн­ның кітабы «Құтты білік» немесе «Құт әкелу­ші білімнен» гөрі, «Құтты билікке» жа­қы­нырақ деуге болады. Оның идеясы Сен Си­мон, Фурьё секілді Еуропа ойшылдары кө­тер­ген «әлеуметтік утопия» емес, өмірде қол­д­анылған идеялар. Өйткені Жүсіп әйгілі кіта­бын жазғаннан кейін ханның Бас уәзірі (қа­зіргіше Премьер-министр) болады. Мем­лекет басқару туралы ойларын жазып қана қой­май, оны премьер-министр ретінде жү­зеге асырады. 1074 жылы жазылған Мақмұт Қаш­қаридың «Түркі тілінің жинағы» атты сөздігінде Жүсіптің ойларын қуаттайтын мә­ліметтер жетерлік. Сондықтан бұл – елімізде мем­лекеттік және жергілікті басқару сала­сын­да, кадр даярлау мен саяси және идео­логиялық мәселеде бірінші кезекте оқылып, қолданылуы керек нұсқаулық кітап. Арғы-бергі тарихымызда мұндай идеяны дәл осы­лай нақты көтерген еңбек жоқтың қасы де­у­ге болады. Сондықтан бұл кітап мем­ле­ке­ті­міз­дің тарихын он ғасырдан да әріге апара­ды. Бұл мақалада тақырыпты тереңірек зерттеу үшін «Құтадғу біліктің» түпнұсқа мәтіндері (Ферғана және Каир варианттары) мен 1947 жылы Түркия ғалымы Р.Арат жасаған ла­тын әрпіндегі транскрипциясы қаралды. Сон­дай-ақ жолма-жол мағыналық аудармасы жа­са­лып, ол тақырыпты зерттеуде негізге алын­­ды.

Мемлекет құрамындағы кіші ордалардың бас­шысы жаны таза, қанағатшыл, Құдайдан қор­қатын, халыққа қайырымы мол, жомарт, бі­лімді, ақылды, іскер, батыр адам болу ке­рек. Оның мемлекет басшысына адал қызмет етіп, жанашыр болуы айтылады. Елге әділ заң орнату және мемлекет, облыс, қаланы әділ басқару – басшыларға ең басты талап ре­тінде қойылады.

КІТАПТЫҢ АТАУЫНА ҚАТЫСТЫ ПІКІРТАЛАС
Айта кету керек, ХХ ғасырдың басында әлем­дік түрколог ғалымдар арасында кітап­тың атауына қатысты ғылыми пікірталас бол­ды. А.Кононов «Благодатное знание» ат­ты кітаптағы мақаласында ол туралы кеңі­нен түсіндіреді. Сондай-ақ бұл мәселе 1825 жылдан бергі әлемдік түрколог ғалымдардың ең­бегінде айтылған. Сондықтан «Құтадғу бі­лік» сөзінің этимологиясы мен семанти­ка­сына тоқталмай, кітаптың ішкі мазмұнына, онда не туралы жазылғанына тоқталуды жөн көр­дік. Сол арқылы мың жыл бұрын баба­лары­мыз құрған мемлекетіміздің құрылымы қан­дай болғанын, оны қалай басқарғанын зер­делейміз. Міне, осы сәтте ғана кітаптың маз­мұны жалпы білім емес, билік туралы бі­лім екенін аңғарамыз.
«Құтадғу білікте» көтерілген мәселелер. Жү­сіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі бү­гінгі тілмен айтқанда, Президент пен Пре­мьер-министрдің сұхбатынан құралған. Ал кітаптағы сұхбатқа дейінгі дін, білім, ғылым, адам­ның қадір-қасиеті және ізгілік қылудың пай­далары туралы бөлімдер негізгі туындыға дейін­гі кіріспе ғана. Әрбір шығарманы Алла­ға мадақ, Пайғамбарға салауат айтып бастап, адам­ды ізгілікке тәрбиелеу үшін насихат айту – сол кездегі қалыптасқан дәстүр. Яғни, жы­рау­лар дастан жырламас бұрын халықтың назарын өзіне аударып, шабыт шақыру үшін әуелі жыр бастау, терме, толғау стилінде бір­қа­тар туындылар орындағаны секілді. Бұл да сол үрдістің көрінісі және оның кіріспе мен қо­рытынды бөлімі «Құтадғу біліктің» 7,7% ға­на құрайды. Қалған 92,3 пайызы мемлекеттік би­лік тақырыбын көтерген шығарманың өзі. Яғ­ни, ел басқару, әділдік орнату, сауатты қо­ғам қалыптастыру, ең маңыздысы – мемле­кет­ті ізгілендіру мәселелерін көтерген бәйіт­тер.
Мемлекет басқарудың заңдылығы. Туын­дыда Мемлекет басшысы Күнтуды Еліг пен оның Бас уәзірі Айтолды сұхбат барысында ел басқарудың заңдылықтары жөнінде әң­гіме өрбітеді. Мәңгілік ел болу үшін әділ заң ор­нату мен елді әділдікпен басқаруға басым­дық беріп, халықтың жағдайын жақсартуды қозғайды.
Заң алдында барлық адам тең болу керек де­ген ой айтады. Сондай-ақ билеушінің ха­лық алдында орындауы тиіс негізгі мынадай үш міндеті бар дейді.
Біріншісі, мемлекетте ақша (күміс) таза бол­сын; әй, білімі көп кісі, жалған ақша жа­сал­мауын қадағала. Екінші, халыққа әділ заң орнат; бірінің екіншісіне күш көрсетуіне жол бер­ме, қорға. Үшінші, барлық жолдарды қауіп­­сіз қыл; қарақшылар мен тонау­шы­лар­дан тазала.
Мұнан кейін халықтың көзқарасы мем­ле­кеттің ұстанып отырған саясатымен бірдей болу керегі айтылады. Яғни, мәңгілік ел болу үшін халық пен басшы бір ұстанымда болу керек. Мемлекет басшысының халық ал­дындағы міндеті секілді халықтың да оның ал­дындағы үш міндеті бар дейді.
Біріншіден, жарлығыңды құрметтесін; ол қан­дай болса да, орындасын. Екіншіден, қа­з­ы­наға төлейтін салықтан бас тартпасын; уа­қытылы төлесін, әй жомарт адам. Үшін­ші­ден, дұшпаныңды дұшпан деп білсін; досың­ды дос деп танысын.
Бірінші міндет «Хан жарлығы екі болмай­ды» деген аталы сөз ретінде сан ғасырлардан бері халқымыздың қағидасына айналғаны жа­сырын емес. Ал үшінші міндет Шалкиіз жы­раудың Би Темірге айтқан толғауында «Са­ған дұшпан – маған жау» деп кездеседі. «Құ­тадғу біліктің» айтуына қарағанда, мем­лекеттің маңызды істерінде басшыға адал, елге пайдалы, мемлекетке жаны ашитын қай­раткер тұлғалар құрметтелген. Сұхбат ба­ры­сында Бас уәзір әміршіге сондай пайдалы кі­сілермен ғана араласуға кеңес береді. Билікке қарсы пікір қалыптастырып, елді бү­лікке бастайтын, мемлекетке зияны көп кі­сілерді елден аластату керегін сөз етеді.
Шығармада мемлекеттің сол кездегі бас­шысы былайша сипатталады: «әділ, шын­шыл, тура, мінезі жұмсақ, білімді, ақылды, па­ра­сат­ты, көзі ашық, көкірегі ояу, кеңпейіл, мәрт, батыр, жауына қатал» (405-418 бәйіт­­тер). Оның мемлекетті әділдікпен бас­қарғаны айтылады және сол кезеңдегі ма­мыражай, бе­рекелі, бейбіт уақытты «бөрі мен қозы қа­тар жайылған» деп суреттейді.
Баласағұн қаласы – Қарахан мемле­ке­ті­нің батысындағы, ал Қашқар шаһары – шы­ғы­сындағы қос ордасы, яғни қос астанасы еке­­ні тарихтан белгілі. Ордада хан сарайы ор­­наласқан. Онда ханның отыратын тағы үш аяқ­ты және күміспен күптелген деп сурет­те­ле­ді.
Тақ күміспен күптелген; бұл тақтың аяғы үш бөлек тұрады (771-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Хан мемлекетті әр саладағы жауапты қыз­меткерлері, яғни уәзірлері мен бектері жә­не сарай қызметкерлері арқылы басқара­ды. Мемлекеттегі жоғары билік лауазымдары рет-ретімен айтылған. Оларды дәрежелеріне қарай еліміздегі қазіргі лауазымдарымен салыстырғанда төмендегідей:
– Еліг (Елбасы, Президент)
– Ұлық Хажып (Бас уәзір, Премьер-ми­нистр)
– Уәзірлер (министрлер)
– Беклер (облыс, қала, аудан әкімдері)
– Сүбашы (Әскербасы, Қорғаныс ми­нист­рі, Ішкі істер министрі)
– Капык башлар ер (Сарай әмірі, Пре­зи­дент Әкімшілігінің жетекшісі)
– Иалвачлар немесе Елшілер (Сыртқы іс­тер министрлігі, елшілер)
– Бітікші, ылымға (Хатшы, жылнамашы, Кеңсе қызметкерлері)
– Ағыжы (Қазынашы, қаржы және эко­но­­мика министрі).
Еліг (Елбасы). Еліг пен Бас уәзір сұхбат ба­­рысында Қағанаттың билеушісі және оның құрамындағы кіші ордалардың (қа­зіргіше айтқанда облыстар мен аудандардың) бас­шылары қандай болу керегі айтылады. Олар­дың болмысы, мінез-құлқы, сырт кел­беті, білімі, қабілеті және оның атқаратын қыз­меті мен міндеттері баяндалады.
Облыс және кент (қала) басқарған би­леу­ші­нің мінезі ізгі, қайырымы өте мол болу ке­рек. Ол елді қайғыдан арылтсын (1981-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Бек болған адам қанағатшыл, ұятты және жү­зі жайдары болу керек; оның сөзі мен мі­не­зі ашық әрі жарқын болсын (2000-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Мемлекет құрамындағы кіші ордалардың бас­шысы жаны таза, қанағатшыл, Құдайдан қор­қатын, халыққа қайырымы мол, жомарт, бі­лімді, ақылды, іскер, батыр адам болу ке­рек. Оның мемлекет басшысына адал қызмет етіп, жанашыр болуы айтылады. Елге әділ заң орнату және мемлекет, облыс, қаланы әділ басқару – басшыларға ең басты талап ре­тінде қойылады.
Заңмен мемлекет жанданып, әлем түзе­ле­ді; зұлымдықтан мемлекет тозып, әлем бұ­зы­лады (2034-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Мемлекеттің бүтіндігі, тыныштығы және бо­лашағының баянды болуы екі нәрсеге бай­ланысты. Ол бәйітте былай делінеді.
Бірі – халыққа тиесілі болған заң, бірі – мем­­лекет қызметкерлеріне үлестірілетін ең­бе­кақы.
Заңның саясында халық қуанышты өмір сүр­сін; еңбекақысын көріп, мемлекет қыз­мет­керлері жадырап жүрсін.
Бұл екі қауым басшыдан бақыт тапса, мем­­­­лекет билігі реттеледі, Басшысы да бақыт та­бады (2133-2135 бәйіттер, ауд. Б.Н.).
Бас уәзір (Премьер-министр). Бас уәзір мем­лекет басынан кейінгі лауазым және оған ең жақын тұлға екені айтылады. Ол адами ізгі қа­сиеттерге бай, ең кемел адам болу керек.
«Тегі асыл, мінезі көркем, ізгі болса, ха­лық­қа пайдалы болып, күні мен айын оңы­нан туғызса» делінеді (2437-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Бас уәзірге әуелі мына он нәрсе керек; қы­рағы көз, сақ құлақ, кең көңіл керек. Жүзі, киім киісі, бойы, тілі, түсінігі, ақылы, білімі, мі­незі де дұрыс болсын (2487-2488 бәйіттер, ауд.Б.Н.). (бәйіт, ауд. Б.Н.).
Бойында осы он жақсы қасиет болған кі­сіні Бас уәзір етіп тағайындауға болады деп тұжырым жасайды. Ол халықтың мұң-мұқтажын тыңдасын, зұлымдыққа ұшырап, әділ­дік сұрағандардың тілегін орындасын және халықтың әл-ауқатын жақсартсын дей­ді. Жүсіптің айтуынша, Мемлекет бас­шы­сының абырой-беделі Бас уәзірге тікелей қа­­­тысты. Елбасының жақсы аты шықса да, жа­ман аты шықса да, ол – Бас уәзірдің жаса­ған ісінің нәтижесі. Сол себепті, оның жауап­кершілігі жоғары.
Біріншіден, Ел басшысының сөзін берік ұс­тану керек; Екіншіден, жеке пікірі (ам­би­ция­сы) мен ақылын тізгіндеу керек. Үшін­ші­ден, Ел басшысының алдына кіргенде өзін дұ­рыс ұстай білсін, артық ауыз сөз айтпасын. Па­ра алма­сын, жүктелген барлық жұмысты жа­сасын; Елба­сыдан жырақтаған ізгі кісі­лерді жақын­дат­сын (2504-2506 бәйіттер, ауд. Б.Н.).
Одан кейін Бас уәзір жалған сөз сөйле­меуі және дұрыс жолдан тайдыратын теріс мі­незді болмауы керек. Ең маңыздысы, ол мем­лекетке және мемлекет басшысына қар­сы әрекет етпеу керегі баса айтылады. Бұл мә­селеде ертедегі түрік қағандарының тәжі­ри­бесін мысалға келтіре отырып, мемле­кет­тің тұтастығын сақтауға көңіл бөледі.
Сарай әміршісі (Президент әкімшілігі же­текшісі). Мемлекет басшысы отырған са­райдың әміршісі туралы айтылады. Оның бол­мысы, ақылы, білімі, мінезі, қабілеті мен сырт­қы келбетінен бастап, мемлекет алдын­дағы атқаратын міндеті, билік құзыреті және халық алдындағы хақысы баяндалады.
Сарай әміршісі мемлекет басшысына жа­ны ашитын, бауырмал және жан-тәнімен адал қызмет ететін болуы керек (2529-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Бірі – азат рухты Бас уәзір; бірі – іскер, пай­далы Сарай әміршісі. Бұл екі кісімен хан са­райының ісі реттеледі және мемлекет бас­шысының аты ұлықталып баршаға жайылады (2555-2556 бәйіттер, ауд. Б.Н.).
«Құтадғу білікте» айтылғандай, хан са­райында қызмет ететін әртүрлі лауазым ие­лері жетерлік. Айталық, ханның сөзін жазу­шы хатшы-жылнамашы, мөр басушы, туға жауап­ты тұлға, ханның жеке күзеті, оның ішін­де садақшы, найзагер, құсшы деген се­кілді қызметтер. Одан бөлек ханның аспазы, ыдысшы мен төсек салушысы да бар. Сарай әмірі бұлардың барлығының жағдайын біліп, берілген тапсырмасы бойынша қадағалап, олар­дың қызмет ақысын төлеумен қатар, жақ­сы мәміледе болуы керек. Осы мәлі­мет­терге қарап Қарахан мемлекеті тұсында са­рай қызметі едәуір жетілген деуге болады.
Уәзірлер (Министрлер). Қазақ халық ауыз әдебиетінде ханның қырық уәзірі бол­ғаны туралы деректер көптеп кездеседі. Олар хан­ның халық арасынан шыққан ақылшы, кеңесшілері әрі әр рудың көсемі, рубасылар еке­ні даусыз. «Құтадғу білікте» осы уәзір­лер­дің (қазіргіше министрлердің) сипатын ай­тады. «Уәзір – бектің қолы» дейді, сондық­тан ол текті, өнегелі отбасыдан шыққан тәр­­­биелі, қанағатшыл, арлы, ұятты, Құдайдан қор­қатын, әділ, ханға жанашыр, адал болуы керек. Ақылымен қатар, оқу-жазу мен есепке жүй­рік, терең білімді болуы тиіс.
Бұл жақсы қасиеттер мен білім кімде бол­са, ел басшысы уәзірлікті оған беруіне болады. Бұл секілді кісі билеушіге уәзір болса, би­леу­шімен бірге халық нағыз бақытқа қауы­ша­ды. Елба­сының ісі қалағанындай түгел жүзеге асады, мем­лекет дамиды және халық байиды. Уәзір мемлекетке пайдасыз, жауыз болса, ол мем­лекеттің халқы, тіпті кедейі мен байы да бұ­зылады (2238-2241 бәйіттер, ауд. Б.Н.).
Уәзір болған адам ашкөз, тойымсыз, мейі­рімсіз, сараң, ашушаң, сабырсыз, ұй­қы­шыл, ақылы таяз, білімсіз надан болмауы тиіс. Сабырсыздық пен қырсық мінезден де алыс болуға міндетті.
Әскербасы. Билеуші мен Бас уәзірдің сұх­баты барысында көне түрік халықтары­ның со­ғыс өнері мен айла-тәсілдері баяндалып, әс­кербасының сипаттары айтылады. Ол кә­сіби тұрғыдан соғыс өнерін жетік меңгерген, тә­жірибелі, ержүрек батыр болуы керек. Бол­мысы қарапайым, тәкап­пар емес, жомарт, дас­тарқаны кең болып, әскеріне көптеп мал-дүние үлестірсін дейді.
Жегізсе, ішкізсе, киім кигізсе; олжадан олар­­ға ат, ер-тоқым, (күң және құл ретінде) ұл, қыз тарту етсін (2280-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Мемлекет басшысының намысы үшін әс­кер­басы намысты болу керек; өшін алған­ша жауымен қарсыласады (2290-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Жараланғандар болса, оларды емдет; тұт­қын­­­ға түскендер болса, барып құтқар (2402-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Егер өлгендер болса, арулап жерле; ар­тын­да қалған ұл-қызы болса, оларға қақысын бер (2403-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Жоғарыда келтірілген бәйіттерде әс­кер­ба­­сының бойындағы адамгершілік қасиеттері ай­­тылған. Ол өз әскерінің барлық жағдайын жа­­сап, олжадан үлестіреді. Жараланғанын ем­­деп, дүниеден өткен сарбаздың отбасына қам­­қор болады. Тіпті тұтқынға түскен жау­лар­дың өзіне тамақ беріп, жылы қарайды.
Елшілер. Өзге елдерге барып, мем­ле­ке­та­ра­лық мәселелерді реттеуші елшілердің қыз­меті өте маңызды саналған. Кітапта ел­шінің тұл­ғалық болмысынан бастап, ақылы, бі­лімі, қа­білеті, мінезі және мемлекет үшін ат­қара­тын қызметі сөз болады.
Елшілікке халық арасындағы таңдаулы, бі­­лімді, ақылды, таза және батыр кісі керек (2597-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Елшінің ішімдіктен, ашкөздіктен, нәп­сі­құ­мар­лықтан алыс, таза жүректі, қанағатшыл, са­бырлы болуы басты міндет ретінде қойы­ла­ды. Білімі жағынан көп кітап оқыған, есеп­ке жүйрік, бірнеше тіл білетін, медицина, аст­рономия және геометрия ғылымдарын мең­­герген болу керек. Мемлекетаралық мә­се­лені шешу барысында сөз астарын түсі­не­тін, тапқыр, шешен тілді болуы маңызды. Ел­­шілермен сұхбаттасу үшін шахмат пен нард ойнай білуі қажет. Сапарда көп жүретін бол­ғасын найзагер, садақшы мерген әрі құс­бе­гі болу керек. Бұл қабілеттері жолаушылап шық­­қанда қауіп-қатерден қорғануға және аң ау­лап жеуге пайдасын тигізеді.
Елші зерек, білімді және ықтиятты бол­са, барлық жерде жақсы қарсы алады және мем­­лекет басшысы үшін пайдалы болады. Ел­­ші жауыз, ешкімге бағынбай босқа жүрген бо­л­­са, күмәнсіз мемлекет басшысының қаді­рін кетіреді (2638-2639 бәйіттер, ауд. Б.Н.).
Елшінің ішімдікке әуес болмау керектігі ерек­ше айтылады. Арақ ішкен кісі ханның сы­­рын ашып, мемлекеттің құпиясын жайып салуы мүмкін дейді.
Хатшы. Ертеде көптеген мемлекет бас­шы­­лары жанына хатшы, жылнамашылар ұс­та­­ған. «Құтадғу білікте» олардың лауазымы «бі­­тікші», «ылымға» деп аталады. Хатшы, жыл­­намашы ретінде сырға берік, шыншыл, хан­­ға адал, жанашыр кісіні таңдау керек дей­ді. Өйткені ол – мемлекеттің, ханның сы­рын білетін адам.
Бұл сырды сақтау үшін ол шыншыл болуы ке­­рек; дінге берік, иманы кәміл болуы керек (2676-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Сырды сақтай алмай, өзгелерге айтса, әсі­­ре­се өзге елдің билеушілеріне айтса, оның жа­­засы ауыр. Кітапта сол туралы айта келе, ежел­­гі түрік қағанаттары кезіндегі Өтүкен бе­­гінің сөзін мысалға алады.
Әй, бектердің сеніміне кірген адам, сыр­ды (мем­лекеттік құпияны) берік сақта; сыр­ды сақ­тамасаң, дереу басың кетеді (2683-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Хатшы болған адам ділмар, шешен, сөзге жүй­рік болуы керек. Өйткені ол мемлекеттің жылнамасын, хандардың өмірбаянын және ха­лықтың тарихын жазады.
Қазынашы. Хатшыдан кейін «Құтадғу бі­­л­ікте» қазынашы туралы бөлім келеді. Оны қа­­зіргі экономика және қаржы ми­нистр­лік­те­­рінің қызметін атқарған лауазым деуге бо­ла­­ды. Жүсіптің айтуынша, «қазына­шы ақыл­ды, әділ, ізгі, ханға, мемлекетке адал, жа­­на­­шыр, ұяты бар, ісіне жауапты, тия­нақты, мем­­лекет қаржысына ұқыпты, тіп­ті аздап са­­­­раңдау адам болуы керек». Қар­жыны басқару үшін жастайынан мол­шы­лықта өскен, ақ­шаға құнықпайтын, құдай­дан қорқатын, сау­даның қыр-сырын мең­­герген, тауар­лар­дың арзан-қымбатын, құнд­ы-құнсызын айы­ра білетін, кісімен жақ­сы тіл табысатын жә­­не қаржы саласы­ның білгір маманы болуын талап етеді.
Есепші барлық кіріс пен шығысты жазуы ке­рек және барлық мәлімет жазылып сақ­талуы керек. Жыл, ай және күні жазылып, уа­­­­қыты белгілі болсын; саны, айырмасы ашық әрі белгілі болады (2774-2775 бәйіттер, ауд. Б.Н.).
Қазынашы мемлекет басшысына жа­қын са­райда жүреді. Ол сарайда өзін дұрыс ұстай білу керек дейді.
Аспаз бен ыдысшы. Сарайда билеушінің та­мағы мен ыдысына жауапты аспаз бен ыдыс­­шылар бар. Олардың ақылды, білімді, сы­­пайы, ұятты, қанағатшыл, өтірік айтпай­тын, әділ болу керектігі айтылады. Билеу­ші­ге, мемлекетке адал қызмет етуі, мем­ле­кет бас­­­шысының қауіпсіздігіне мұқият болуы ке­­­рек. Сарайға кірген әрбір тағамды мұ­қият тек­­­серіп, күмәнді және жарамсыз­дарын құр­туға міндетті. Көптеген билеуші­лер­дің ажалы уланған астан келгенін айта ке­ле, аспаз бен ыдыс­шының жауапкершілігі жоғары екеніне тоқталады.
Билеуші мен Бас уәзір арасында бұдан кейін мемлекет басшысының мойнындағы қыз­меткерлерінің хақысы қандай бола­ты­ны сөз етіледі. Олардың бірінші кезекте ішіп-жейтін асын беріп, жағдайы жақ­саруы­на мүмкіндік жасалуы керек. Олар ыстық-суық­қа шыдап, жан-тәнімен қызмет етіп, мем­лекет үшін өзін пида қылады. Оның хақысын беру – билеушінің міндеті.
Қайырымдылық пен тамағын қыз­ме­тіне қа­рай әділ бер; жалаңаш болса киіндір, аш болса тойдыр (2982-бәйіт, ауд. Б.Н.).
«Күлтегін жазба ескерткішінде» Қаған­ның: «аз халықты көп қылдым, аш халықты той­дырдым» деген сөзі бар. Ал «Қорқыт ата» жырында ханның «ашты тойдырып, жа­лаңашты киіндіріп, қарызға батқанды қа­ры­зынан құтқарғаны» жазылған. Бұл ортақ идея ертеден түрік халықтарының ел басқарудағы не­гізгі ұстанымы екені даусыз. Сондықтан «Құ­тадғу білікте» елді қы­лыш­пен емес, білім­мен, парасатпен басқаруды көрсетеді. Ха­лық­тың жүрегін мол қазына таратып, қайы­рым­дылықпен, ізгілікпен жау­лауды айтады. Бұ­ған дәлел ретінде «Құ­тадғу білікте» мемлекет бас­шысының мы­на­дай сөзі бар:
Енді тілегім мынау: маған келген адам байы­са, менің саямда беделі артса, Бектер­дің қуанышы – ертеңінің пайдасы; нәтиже­сін­де, жақсы атым қалып, маған дұға жаса­ға­ны жеткілікті (3019-3020 бәйіттер, ауд. Б.Н.).
Осындай сұхбаттардан кейін елге әділ заң орнатылып, халыққа мал-дүние тара­тыл­ғаны айтылады. Билеуші одан соң Бас уәзі­ріне елді аралатып, халықтың жағдайы қан­дай екенін біліп отырады. Әсіресе, би­лік лауазымына ие болған қызметкерлер өз ісіне лайықты ма, лайықсыз ба, соны қада­ға­латады. Нәтижесінде, ел билеуде мемле­кет басшысына көмекшілердің пайдасы көп­тігі айтылады.
Мемлекет басшысы жалғыз өзі қанша күш жұмсағанмен, көмекші болмаса, ұзақ уа­қыт билік жүргізе алмас (3123-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Халықтың жағдайы жақсарған соң мем­лекет басшысы ел үшін еңбек ететін адал, кә­сіби білікті қызметкерлердің көп болға­нын қалайды. Бас уәзірге тапсырма беріп, ақылды, білімді, қабілетті, мінезі дұрыс және адал қызметкерлер іздетеді. Одан кейін­гі бәйіттерде мемлекет қызметкерінің эти­касы, мемлекетке қызмет етудің қыр-сы­ры және билік өкілі ретінде халықпен дұ­рыс байланыс орнатудың маңызы ай­ты­лады.
Мемлекет қызметкерінің этикасы. Орта ға­сырдың өзінде бабаларымыз құрған Қаға­на­тта мемлекет қызметкерінің этикасы қа­лып­тасқанын көреміз. Шығармада әртүрлі дә­режедегі лауазым иелерінің бір-бірімен қа­рым-қатынасы және мемлекет басшысы­ның алдына кірген кездегі әдеп секілді қа­ғи­далары түгел баяндалады.
Егер сен мемлекет басшысының ал­ды­на барсаң, көзің жерде, құлағың төрде бол­сын. Қолыңды қусырып ұста, аяғың түзу тұрсын; оң қолың сол қолыңның үстінде тұр­сын. Есіктен кірерде әуелі оң аяғыңмен атта; саған бұйрық бергенде мұқият тыңда (4055-4057 бәйіттер, ауд. Б.Н.).
Өзінен жоғары лауазым иесінің ал­дын­да аяғыңды айқастырып отырма, тырнақ алма, дауысыңды қатты шығарма, оған қар­сы келме, құрмет көрсет деген секілді мем­ле­кет қызметкеріне тән этикалық қағидалар ай­тылады. Сонымен қатар қызметкер мем­лекеттің заң, ереже, қағидаларын жетік бі­ліп, әрбір ісін заңға сәйкес орындауы тиіс. Осындай әдеп-қағиданы бойына сіңір­ген, билеушіге деген адалдығымен та­ныл­ған, ақылды, білімді, қабілетті және міне­зі жақсы кісілердің лауазымын жоға­ры­латып отырған.
Кім ақылды болса, оны шақырды; кім бі­­лімді болса, оны жоғарылатты (416-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Көшпелі өмір сүрген көне түрік халқында тапқа бөліну үрдісі болмаған. Қол бастаған батыр да, төрелік айтқан би де, ел­ге ақыл айтқан данышпан мен ханның кеңес­шілері, сарай қызметкерлері де қара­пайым халық арасынан шығып отырған. Рулық қауымның нәтижесінде әр рудың бет­ке ұстар беделді тұлғалары ханның жа­нынан орын алған. Яғни, халық пен оны бас­қарушы билік өкілдерінің арасында тап­тық бөлінушілік емес, адамгершілікке, із­гілікке, бауырмал­дық­қа, ынтымақ, бірлікке негізделген қарым-қа­ты­нас бар. Айталық, төмендегі бәйіт­те ел ара­сынан шыққан лайық­ты кісі­лер­ге берілген лауа­зымдар ту­ра­лы айтылады.
Қайбірі Иабғу, Иүгрүш, Ел Бегі; қайбірі лауа­зымы теңдессіз Ер Өгі болады (4069-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Махмұт Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» атты сөздігінде бұл лауазымдардың әрбіріне жеке-жеке анықтама берілген. Олар­дың ішіндегі ең үлкен лауазым «иүг­рүш» деп аталады.
«Түріктерде қара халықтан шығып, уә­зірлік дәрежеге көтерілген кісі. Парсы және бас­қа да қауымдар қанша үлкен, қанша көп әрі қанша күшті болса да бұл мәртебені ала ал­майды. Бұл лауазым Қағаннан бір дәреже тө­мен. Оған жібектен бір отау беріледі. Ол жаңбыр, қар және ыстықта құрылады». Сөздікте бұдан басқа Қағаннан үш дәреже төмен «түгсин» деген лауазым бар. Халық ара­сындағы көпті көрген, дана қариялар би­лік өкілдері үшін ықпалды, қадірлі бол­ған. Оларға «өге», «өге тігіт» деген лауа­зым­дар берілген. Олар Қағанның ел билеуші ұлдарынан бір дәреже төмен.
«Құтадғу білікте» мемлекет ісіне, сарай қыз­метіне кейбір кісілер жас кезінде, енді бірі жасы ұлғайғанда араласады деп, екеуі­нің айырмашылығын айтады. Олардың ішін­дегі жастардың мемлекет қызметіне келуі­не ерекше мән береді.
Мемлекеттік қызмет қақпасын ашқысы кел­ген адам, жас кезінен бастап, мемле­кет­ке қызмет қылсын (4037-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Мемлекет қызметіне араласып, әртүрлі дә­режедегі лауазымға қол жеткізген кісілер­ге ел бірлігі үшін қызмет етуді міндеттейді. Би­лікке таласып, елді бүлікке бастауға не­месе билікке қарсы бүлікті іске араласуына қатаң тиым салады.
Сен, мемлекет басшысына қарсы келіп өш­теспе… (4086-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Жүсіптің жырлауынша, мемлекеттің тұ­тас­тығы, тыныштығы, дамуы және бола­ша­ғы ынтымақ-бірлікке байланысты. Би­лік­ке талас болған жерде халық жапа шеге­ді, мемлекет әлсірейді, тіпті жойылуы мүм­кін дейді.
Билік өкілінің халықпен қарым-қаты­на­сы. Билеуші әулеттен немесе халық ара­сынан шықса да, мемлекет ісі тапсырылып, қолына билік берілген әрбір тұлғаға халық­п­ен, оның ішіндегі әртүрлі саланың адамда­ры­­мен қалай қарым-қатынас жасау керек­ті­гі «Құтадғу білікте» егжей-тегжейлі баян­­­дала­ды. Сондай-ақ мем­лекет басшысы мен ха­­­лық­тың ұстаным­­дарды көрсетіледі. Бұ­дан мемлекет­тік басқарудың жетілгенін көру­ге болады. Әуелі қарапайым халық ішін­дегі мінезі тұрпайы, білімсіз, тө­белеске бейім адамдар­мен қарым-қатынас сөз еті­леді. Ол «қара», «ғам» деп аталады. Қанша жер­ден мәдениеті төмен болса да, оларға жы­лы қара, ішіп-жеуі­не тамақ бер. Алайда ашы­лып сөйлеспе дейді. Сонымен қатар қо­ғам­ның ең маңызды адам­дарының бірі деп білім­ді ғалымдарды атай­ды. Олар халықтың сауа­тын ашып, білім береді.
Әлемде бұл ғалымдар мен білімділер жоқ бол­­са, егілген нәрселер болса да, жерден жей­тін еш­теңе өнбейді (4048-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Бәйітте сондықтан білімділер мен ғалым­дарды құрметте, қажетін өте, оларға ізгілік жаса деп кеңес береді. Өйткені білімділер мен ғалымдар елді адастырмай тура жолға салатын, елдің шамшырағы дейді. Ғалымдардан соң дәрігерлер туралы баяндалады. Олар халықты түр­лі аурудан арнайы шөптен жасалған дәрі­лер­мен емдейді, олардың қоғамдағы құқығын қор­ғауды міндеттейді. Онымен қоса, аурулар­ды дұғамен дем салып емдеушілермен де дұ­рыс байланыста болуды сөз етеді. Мұнан соң түс жорушылар және астрономдармен де көр­кем мәміледе болуды тапсырады. Жүсіп Бала­сағұн билік өкілдеріне ақындармен қарым-қатынасқа ерекше мән бер дейді. Өйткені олар­дың ауызынан шыққан бір ауыз сөз лезде бүкіл елге жайылады. Олардың сын сөзіне ұшы­рамауды ескертеді. Сонымен қатар қо­ғам­ның еңбекші топтары: егіншілер, сауда­гер­лер, малшылар және қолөнер шебер­ле­рімен қа­р­ым-қатынасқа айрықша көңіл бөлуді ай­тады. Олардың ақ адал еңбе­гі­мен дайындаған тамақ өнімдерінің арқа­­сында қаншама халық өмір сүріп жатыр. Олармен жақсы қарым-қа­тынаста болуды айтады.
Жүсіп Балағасұн «Құтадғу білік» еңбе­гін­де «құт-берекеге кенелген билік қандай болады?» де­ген сұраққа жауап береді. Оны зерттеген әлем­дік ғалымдар билікке қатысты кітап деп түсіндірген. Сондай-ақ түрколог ғалым В.Рад­ловтың жасаған сөздігінде «білік» сөзінің білім және билік (царство, правительство) деген екі мағынасы берілуі де көп жайды аңғартады. Анығында «Құтадғу білік» бүгінгі тұрғыдан ба­ға­ланып, зерделеніп «Құтты билік» деп ауда­рылуы тиіс.
Осыдан он ғасыр бұрын жазылған Жүсіп Ба­ласағұнның еңбегі елімізде жеке тұлғаны дамы­туда, мемлекеттік басқаруды жетіл­ді­ру­де, кадр дайындауда және идеоло­гия жұмыстарын­да таптырмас дереккөз. Ол әдеби көркем шы­ғарма ғана емес, мәңгілік ел болу үшін мем­ле­кеттік басқару тақырыбын көтерген құнды жә­дігер. Ең маңыздысы, Елбасымыз жария­лаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мә­селесі аясында халқы­мыз­дың рухын оятып, са­на­сын жаңғыртуда маңызы зор. Сонымен қа­тар тәуелсіз мемле­ке­тіміздің тамыры терең­де жатқанын көрсе­тетін тарихи факт, баға жет­пес байлық.

Сейіт Қасқабасов, 
ҰҒА академигі,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Бекарыс Нұриманов, 
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 
PhD докторанты

Дереккөз: aikyn.kz

Ұқсас сілтемелер