Басып шығару нұсқасы
28.04.2018, 09:08

Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына орай композитордың музейі ашылуы мүмкін

Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына орай композитордың музейі ашылуы мүмкін. Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына тәнті тыңдармандары мен жанкүйерлері 2020 жылы мемлекеттің көмегімен композитордың жеке мұражайын ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Today.kz.

Бұл туралы Алматыда өткен Шәмші Қалдаяқов туралы кітаптың тұсаукесерінде айтылды.

Қазақ вальсінің королі туралы шығарылған кітапқа естеліктер, баспасөз беттерінде жарық көрмеген суреттер мен ғылыми зерттеулер жарияланған.

"7 шет мемлекетте Шәмшінің әні орындалған. Тек біздің замандастарымы емес, барлық ұрпақ, қазіргі жастар да оның әндерін жақсы көреді. Шәмші Қалдаяқов қазақ музыкасының бренді деп ойлаймын", – дейді Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Амалбек Тшанов.

Ұқсас сілтемелер