Басып шығару нұсқасы
14.04.2018, 18:01

Астанаға ақ тілек - Меруерт Байдәулетова

Астанаға ақ тілек

 

              Бақ болып қонған төріме,
20 жыл көрік берген жеріме,
Арман қала Астанам
Құт-береке шаш еліме!

Елбасы жасап бастама,
Гүлденіп өсті жас қала,
Жылдан жылға жаңарып,
Асқақтай берсін Астана!

Асқар шынмен таласқан,
Сұлулығы жарасқан,
Астанасы көркейген,
Елімде болсын көк аспан!

Елордасы жайнаған,
Қазаны пісіп қайнаған,
Еліміз өсіп жасасын,
Бәйгеге атын байлаған!

Амандық болып елімде,
Молшылық толып жерімде,
Тәуелсіздіктің қыраны,
Қалықтай берсін көгімде!

(Меруерт Байдәулетова)