Басып шығару нұсқасы
11.04.2018, 10:44

Өмір туралы - Таймыр Рахмутуллаев

Өмір өзен сияқты,
Тоқтамайды, ағады.
Мәнді өмір сүргенге,
Күлімдеп ол қарайды.
Ойнап-күліп жүргенге,
Бос уақыт өткізгенге,
Өкпелейді, ренжиді
Босқа өмір кеткенге.
Жастық шақтан ойлан сен,
Ата-анаң сөзін тыңда.
Досым, бүгінгі күнің,
Қайтып келмес- ұмытпа!

Ұқсас сілтемелер