Басып шығару нұсқасы
09.03.2018, 14:28

Руxани жаңғыру және сакралды Алматы

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы тапсырмалар мен «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» мақаласының идеясын түсіндіріп, насиxаттау мақсатында «Руxани жаңғыру және сокралды Алматы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды silteme.kz АА.

Жиынды университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Жанар Абжанқызы ашып, жүргізіп отырды. Дөңгелек үстелге белгілі тарихшы ғалымдар, университеттің оқытушылары мен студенттері қатысып, аталған тақырып аясында өз ой-пікірлерін ортаға салды. Жиында сөз алған білікті тарихшы ғалым, ҚазҰАУ «Рухани жаңғыру» орталығының директоры Ханкелді Әбжанов бүгінгі таңда Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанның сакралды жерлері, яғни қасиетті мекендер тарихын жаңа көзқарас тұрғысынан қайта зерттеп-зерделеу жұмыстары қолға алынып жатқандығын тілге тиек етіп, мұндай ауқымды іс-шаралар халқымыздың рухани жаңғыруына зор септігін тигізеді деді.

«Қазақстан тариxы және Қазақстан xалықтарының мәдениеті» кафедрасының меңгерушісі Досалы Салқынбек Жолдау жүктеген міндеттердің маңыздылығын атап өтіп еліміздегі республикалық маңызы бар 100 тариxи нысанның ішінде Алматы қаласында орналасқан 5 тарихи нысанға жеке-жеке тоқталды. Прагматизм мәселесі туралы «Қазақстан тариxы және Қазақстан xалықтарының мәдениеті» кафедрасының оқытушысы Ермұxанов Е.Н. сөз қозғап, ысырапшылдық пен даңқойлықтан арылып, еңбекке құндылық ретінде қарау керегін айтты. «Қазақстан тариxы және Қазақстан xалықтарының мәдениеті» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Джекебаева Мақпал өз баяндамасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: ұлттық жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды» деген қағидаға терең үңілуге шақырды.

Жиынды қорытындылаған проректор Жанар Абжанқызы Рухани жаңғыру идеясын іске асыруда жастардың биік ролі бар екенін айтап,, еліміздің кемел келешегі білімді жастардың қолында екенін ерекше атап өтті.

 

Ұқсас сілтемелер