Басып шығару нұсқасы
02.03.2018, 18:03

“Әдеп немесе өлмес өнеге”

“Әдеп немесе өлмес өнеге” elana.kz

Әйел әдебі:

-Жас келіндер қара шаңырақтың немесе ақсақалы бар үйдің төріне шықпайды.

 

-Әйел адам орындыққа отырғанда аяғын айқастырмайды.

-Әйел адамдар көп алдында керілмейді.

-Бұрынғы кезде жас келіншектер ерте тұрып, ауылдағы үлкен үйлердің түндігін ашқан.

-Келіндер келін болып түскен жеріндегі адамдардың атын атамайды.

-Қайнылары мен қайынсіңілілеріне өзі жеке ат қояды

-Халық дәстүрінде ер адам шашын өсірмейді, әйел шашын қимайды

-Жүкті әйелге күлу – әдепсіздік

-Аса бір тығыз шаруасы болмаса әйелдер отырған жерге ерлер, еркектер отырған жерге әйелдер кірмейді

-Қазақ дәстүрінде туыстығы жоқ ер мен әйел оңаша отырмайды

-Келіндер қайынжұртының үлкен адамдарына иіліп сәлем жасаған

-Келіндер үлкен кісілерден қайтқан табаққа сәлем жасаған

-Бала ата-ананың, келін ененің сөзін екі етпейді

-Қазақ әйелдері еркектер отырған жаққа көз салмайды

-Әйелдер жолаушының, еркектің алдын кесіп өтпейді

-Қазақ әйелдері кісіге тіке қарап отырмай, қырындап отырған

-Қазақ әйелдері күйеуінің атын атамаған, оның айтқандарын мүлтіксіз орындап, бетіне қарсы келмеген

-Қызы босанғанда шешесі кәдесін алып баруға міндетті

-Әйел дұғаны ішінен оқиды

-Ақсақал, ата-ене, қайынаға алдында дауыс көтеріп сөйлемейді

-Әйел ерте тұрады

-Әйелге ер адамның міндеттері жүктелмейді

-Әйел адам кісі бетіне, әсіресе бейтаныс адам бетіне бажырайып қарай бермейді

-Тұрмысқа шыққан әйел жалаңбас жүрмейді

“Қазақ халқының салт-дәстүрлері” энциклопедиясынан

Муса Нұрила Оралбайқызы

©elana.kz

Ұқсас сілтемелер