Басып шығару нұсқасы
04.02.2018, 13:00

Актер Санжар Мәдиевке ота жасалды

Еліміздегі ең сымбатты актерлердің бірі Санжар Мәдиев отаны бастан кешірді. Күрделі операция актердің аяғына жасалған. Қазіргі денсаулығы жайлы Санжар Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

“2018 жылдың басында бірнеше жылдан бері ойда жүрген нәрсені іске асырдым. Ота жасаттым. Жоқ, бұл іштегі пресстің орнына салынатын имплант емес, қысқасы аяққа ота жасаттым. Қазір бәрі жақсы. Бірнеше аптадан кейін маған Нью-Йоркке шақырту келді. Алма қаласына алғаш рет аяқ басқанымды айта кетейін”, – дейді Санжар Мәдиев.

Бұдан кейін актер Нью-Йорктен алған әсері жайлы айтты.

“Бұл қаланың әрбір сантиметрі фильм кадрларының жиынтығын еске салады. Уақыттың тығыздығынан, Нью-Йорктегі кереметтердің 1 пайызын ғана тамашалап үлгердім. Бірақ бұл қала мені баурап алды. Қайталанбас атмосфера… Бұл қалаға міндетті түрде қайта ораламын. Ол үшін жақын маңдағы фонтандардың бәріне тиын тастап, тілек тілеймін. Тіпті, міндетті түрде бару үшін қағаз ақша да тастайтын шығармын”, – деп бөлісті Санжар.