Басып шығару нұсқасы
16.01.2018, 09:16

Қырқынан шығару: шетелдікке дәстүріңді орысша және ағылшынша түсіндір

Шетелдіктерге ата ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізді, ұлттық ерекшеліктерімізді түсіндіремін десеңіз, мархабат!

Қырқынан шығару

Қазақ халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп есептеледі. Мысалы “Жеті жарғы”, “Жеті қазына”, “Бір тоғыз”, “Үш тоғыз”, “Қырықтың бірі — қыдыр” деген қағидалар осы сандық ұғымынан пайда болған.

Соның бірі — баланы “қырқынан шығару” дәстүрі. Әдетте баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдыска қырық бір қасық су құйып шомылдырады.

Бұл — ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып, оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап тігіп қояды. Мұндағы мақсат ертеде сурет болмағандықтан баланың, сәби кезінен ескерткіш ретінде сақтаудан шыққан.

Баланы қырқынан шығарудың тағы бір ерекше маңызы бар. Қырық күннен кейін сәби ширап, көз тоқтатады, кұбылыс, дыбысты сезе бастайды. Қырқынан шығару салты міне, осыған байланысты шығып, ол сәбидің жан-жүйесінің калыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

Кырқынан шығару

На 41 день со дня рождения ребенка женщины, собравшиеся в доме новорождённого, купают малыша, впервые стригут ему волосы и ногти. За это исполнившим обряд, полагается дарить подарки в знак благодарности, а всех присутствовавших при знаменательном событии, приглашают к дастархану. Кстати говоря, у казахов числа 3, 7 и 41 считаются особенными благодатными.

Kyrkynan shygaru

The forty first day since the baby is born, a few women gather in his house and wash him, trim his hair and nails for the first time.

Women who performed the custom receive their gifts appreciation, and everybody who is present at this significant event is invited to dastarkhan. By the way, numbers 3, 7, and 41 Kazakh think the most especial and lucky.

© salt-dastur.kz

Ұқсас сілтемелер