Басып шығару нұсқасы
19.12.2016, 12:27

МұзАРТ live: Мұзарт тобы өз таңдауын жасады

"Қазақстан" ұлттық арнасы мен "Мұзарт" бірлескен жобасы - "МұзАРТ live" өз мәресіне жетті. Аңызға айналған топ өз ізбасарларын таңдады. 60000 қатысушы бақ сынаған үміткерлерді анықтау мүмкін болмаса да, ең таңдаулы деген төрттік анықталды, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

«АЛЛАға сансыз шүкір, жылдар жоспарлаған, тоғыз ай тер төгуді талап еткен бұл жобамыз да өз мәресіне жетті. Бір минуттан кейін не күтіп тұрғанын білмейтін әлсіз құлдарының құрған жоспарларына жеткізген кешірімі мен мейірімі шексіз АЛЛА тағалаға мақтаулар болсын. Байқауда бақ сынаған бауырларымыздың барлығын биік бағалаймыз. #ӘрҚазақМеніңЖалғызым

Біз таңдаған төрттіктен қалауларыңызды көре алмай қалсаңыздар сөкпеңіздер. Ол жігіттер де бізден жырақта жүрмейді деп ойлаймыз» - деп жазды Сәкен Майғазиев өзінің инстаграмдағы парақшасында.

Кеше ақтық бәсекесі өткен "МұзАРТ live" жобасының жеңімпаздары 60000 адамнан таңдалып алынды. Енді Мұзарт тобы квартет болып қайта құрылуы мүмкін. Себебі соңғы 8 қатысушыдан Сәкен Майғазиев, Ақжол Мейірбеков, Мейрамбек Беспаев, Қыдырәлі Болманов, Кенжебек Жанәбілов, Ринат Гайсин төрелік еткіп таңдап алған жеңімпаздар төртеу. Әрине, біреуі халықтың таңдауы екенін білесіздер.

Халықтың сүйіспеншілігімен топ мүшесі болған қостанайлық Серікболсын Кішкенбаев.

Кенжебек - Нұрхат Сегізбаевты, Мейрамбек - 18 жасар Әзиз Балтебекұлын, Сәкен - Сұлтан Ахметті таңдады.

 

Ұқсас сілтемелер