Басып шығару нұсқасы
06.12.2016, 21:30

Мәдина шаһарының бір жарым ғасыр бұрынғы келбеті

Ғаламторда тараған бұл бейнероликте қасиетті Мәдина шаһарының келбеті көрсетілген. Бейнероликте қасиетті шаһардың 1870 жылдан бастап түсіріле бастаған суреттері жинақталған.

Мәдина – Алла Тағала және Оның Елшісі (с.ғ.с.) қиямет күніне дейін қасиетті деп жариялаған қала. Мекке қаласын Ибраһим (ғ.с.) қасиетті десе, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдина қаласын киелі етті. Ол өз дұғасында: «Уа, Алла! Ибраһим Меккені қасиетті етті, ал мен қос қара тас арасындағы жерді (Мәдинаны) қасиетті еттім»,-деген екен.