Басып шығару нұсқасы
28.10.2016, 11:01

Ашу-ызадан айықтыратын бөлме

Жергілікті колледж түлектері Андрей мен Алижан Астанада ашу-ызадан арылтатын бөлме дайындады, деп хабарлайды thenews.kz.

Бұл бөлмедегі кез келген затты қиратып сындыра аласыз, ал манекенге бастығыңыздың суретін іліп қойып, айызыңыз қанғанша ұрып соқсаңыз болады.

Реквизит ретінде бұл бөлмеде ескі жиһаз бен істен шыққан кеңсе құрылғылары қолданылады - оны тапқыр жігіттерге қала тұрғындары тегін беретін көрінеді. Әрбір келушіден кейін бөлме ішіндегі заттарды жаңарту керек.

Ерекше бөлмеге ең жиі келетін әйел адамдар екен. Олар шыңғырып айғайлап, айналасындағының бәрін талқандап, біраз жеңілдеп қалады. Ашу-ыза бөлмесімен психологтар да жұмыс істеп, қаралушыларын осы бөлмеге терапияға жібереді.

Ұқсас сілтемелер