Басып шығару нұсқасы
10.02.2024, 13:07

Жас түлектердің шетелде оқуға талпынысының Қазақстан экономикасына әсері

Қазақстанда “Мектеп” атты сынақтан өткен оқушылардың көпшілігі жоғарғы оқу орнына шетелге түсуге асығады.

Себебі, ұлттық статистикаға сүйенетін болсақ,

Қазақстандық жастар оқуға түсетін кезде жасалатын таңдауында «must have»

қатарына мыналарды жатқызды:

жақсы білімнің болуы тиіс (59,5%), жоғары біліктілік (44,6%), үш тілді

меңгеру – мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілі – 38,2% және

таныстардың болуы (21,7%) дейді.

 

Алайда жастардың шетел асып кетуі еліміздің экономикасына әсерін тигізеді.

Патриоттық сезімі жоғары жастар еліне оралса, қалған бөлігі өзге елде қалып,

жұмыс істеуді жөн көріп жатады.

 

«Жас түлектердің шетелде оқуға талпынысының Қазақстан экономикасына әсері»

атты тақырып аясында білім саласының маманы, блогер Алма Қожанмен сұхбат

ұйымдастырылды. Сұхбат барысында А.Қожан отандық білім беру деңгейі әлемдік

деңгеймен салыстырғанда артта тұрақтап қалғанын әрі Қазақстанда білім алуды

көпшілік қолайсыз санайтынын жеткізді.

 

“Халықаралық тұрғыда тағылымдардан өткісі келетін азаматтардың көпшілігі шетелде

мүмкіндік көп екенін алға тартып, жылдан жылға оқу мақсатында өзге елге кететіндер

көбейді. Себебі қазіргі таңда жаһандану заманында, технологияның дамуы арқасында

көптеген стандарттар қалыптасты. Сондықтан да әрбір шетелде білім алған

оқушының Қазақстанда жұмысқа тұру барысында мүмкіндігі басымдырақ. Өйткені

бүгінде көптеген ірі компаниялар болсын, мемлекеттік мекеме болсын қоятын басты

талптарының бірі - шетелдік тіл меңгеру, халықаралық деңгейдегі тағылымдардан

өту” - деді, Алма Қожан.

 

Сонымен қатар, ол ҚР азаматтарының жыл сайын білім алу мақсатында шетел

асуының елімізге еш зияны жоқ екенін айтты. Керісінше Қазақстанда жыл сайын

мектеп бітірген 200 мың оқушыны грантпен қамту мүмкін емес, яғни мемлекет тек

20% оқушынының ғана қаражатын өтей алады. Сондай-ақ, біздің ел шетелдік

стандарттарға ұмтылғанымен, біршама университеттеріміздің қазірге дейін

материалдық-техникалық қамту жағынан проблемалары бар.

 

Сол себептен де шетелде білім алып келген шамамен 10 мың азаматтың зиянынан

гөрі пайдасы көп деген оймен бөлісті.

Бұдан бөлек, А.Қожан шетелде білім алып келген студенттердің ұтымды жақтарымен

бөлісті. Айта кетсек, заманауи технологияларға сәйкес білім беру жүйесі, шет тілді

жетік меңгеру, қаражылық сауаттылық, жауапкершілік, өзге елдің мәдениетімен

танысу және тағы басқа.

 

Оған қоса, эксперт қазақстандықтардың таңдауы көбіне IT мамандықтар,

менеджмент, медицина саласын таңдайтынын айтты.

А.Қожан өзінің сөзін қорытындылай келе, жас түлектердің көбісі оралады деді.

Өйткені шетелдің мүмкіндіктеріне қарамастан, шетелде қазақтар иммигранттар

болып қалады. Ол статуспен шетелде қалаған жұмысқа орналасу көп қиындық

тудырады. Статистикаға сүйенетін болсақ, көп түлектер елге оралып, экономикалық

тұрғыдан өз үлестерін қосуда.

 

Жастардың біліктілігін арттырып, білімдерін толықтыру мақсатымен шетелде білім

алуы еліміздің экономикалық жағдайына жағымсыз салдарынан гөрі жағымды

тұстары асып түседі.

Мысалы, Болашақ стипендиясының әкімшісі «Халықаралық бағдарламалар

орталығы» АҚ. Осы жылы

4014 адам осы бағдарлама бойынша шетелде оқуын аяқтады. Олардың 3 352-сі ғана

жұмыспен қамтылды. Бұл ЖОО-ның ерекшелігі студенттеріміз

тәжірибені өзге елде өту интеграциясы. Бұл экономикамызға елеулі әсер етіп, шетке

қаражат шашуды азайтып, өз елімізде білікті мамандардың санын арттыруға

көмектеседі. Елімізде экономикалық жағдай көтерілсе қазақ азаматтарымыз өзге елді

таңдамай, елде қала береді деген қорытынды жасасақ болады. Оған дәлел жақын

шетелден келген азаматтар (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, т.б.). Еліміздің ЖОО-да

тегін оқып жатқан студенттер де аз емес. Олар да экономикамыздың өркендеуіне

өзінің септігін тигізіп жатыр.

 

Анэль Азимбаева

Ұқсас сілтемелер