Арыстағы 470 нысанды қалпына келтіруге Ақмола облысы көмектеседі
03.07.2019ж.

Арыстағы 470 нысанды қалпына келтіруге Ақмола облысы көмектеседі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Арыс қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету және қолдау көрсету туралы брифинг өткізді, деп хабарлайды silteme.kz порталы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Жалпы облыс басшысы Арыс қаласында зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілгенін және алдағы уақытта қандай көмек көрсетілетіндігі жайлы айтты.

- Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Арыс қаласына сапары барысында берген басым тапсырмаларының бірі тұрғын үй қоры мен әлеуметтік нысандарды бірінші кезекте қалпына келтіру болып табылады. Осыған байланысты, 27 маусымнан бастап менің орынбасарым Асқар Мұратұлы бастаған жұмыс тобы Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру үшін Арыс қаласында. Бүгінгі таңда 470 нысанды тексеру жүргізілуде, оның ішінде 205 тұрғын үй, 3 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Қазіргі уақытта учаскеде 5 компания жұмыс істейді, - деді облыс әкімі.

Ермек Маржықпаевтың айтуынша, барлық қажетті қаражат жергілікті бюджеттен бөлінетін болады.

- Облыс тұрғындары да көмек көрсетуден шет қалмады. Орталықтандырылған арнайы шот ашылып, «Бастау Ақмола» қоғамдық қоры арқылы зардап шеккендерге көмек көрсетуге қаражат жинау ұйымдастырылды. Арыс қаласында зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету қорына облыстың 70 кәсіпорын ұжымдары қаражат аударды, - деп атап өтті аймақ басшысы.

 

 

Спикердің ақпараты бойынша, Көкшетауда «Арыс. Біз біргеміз!» жалпы республикалық акция аясында «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы және басқа да партиялар, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының хатшылығы, «Іскер әйелдер қауымдастығынан гуманитралық көмек жинау бойынша штаб құрылды». Гуманитарлық көмек жинауды сондай-ақ "Жаңа толқын"ЖҚБ волонтерлері жүзеге асырады.

Облыс әкімдігі Арыс қаласының балаларына ерекше қамқорлық көрсетуде. Олардың демалуы мен сауығуы үшін 500-ден астам балаларды қабылдауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Балалар үшін 7 база анықталды. Алғашқы 145 бала 17 ересектермен бірге облысқа кеше, 1 шілдеде келді.

 

 

Сондай-ақ Ермек Маржықпаев Түркістан облысына жөнелту үшін десанттың құрылғанын хабарлады. Десант құрамында 20 адам бар. Олар - еріктілер, психологтар.

- Ақмолалықтар мұқтаж адамдарға әрдайым көмектеседі. Бұл біздің борышымыз. Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастырамыз, - деді облыс әкімі.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер