Басып шығару нұсқасы
03.04.2018, 16:31

Жасанды интеллекттің адамды алмастыратын уақыт айтылды

Жасанды интеллекттің адамды алмастыратын уақыт айтылды Жасанды интеллект

Жасанды интеллект жүйесі алдағы 10-15 жылда адамды толықтай алмастыра алады. Бұл туралы РФ-нің Келешек зерттеулерінің қоры директорының орынбасары Сергей Гарбук мәлімдеді, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

"Қолданбалы жасанды интеллект жасау міндетін шешуді сөз еткенде біз оператор-адамды техникалық жүйемен алмастыруды айтамыз. Жасанды интеллект жүйесі адамды 10-15 жылда алмастыра алады", - дейді Гарбук. Ғалымның пікірінше, қазірдің өзінде міндеттерді орындау жағынан адамнан кем түспейтін жасанды интеллект жүйелері жасалып қойған. Мәселен, адамның даусы мен бет-әлпетін тану.

"Дегенмен де адамның миы жасанды интеллекттен айтарлықтай басым. Оператор-адам жұмысын үйренгенге дейін ата-анасынан берілген және даму арқылы келген мүмкіндіктерге ие, бұл біріншіден. Ал екеншіден бұл мүмкіндіктер алдағы өмірде жетілуін жалғастырады. Адамның өзінде бар интеллектуалдық тәжірибесі оған ары қарай дамуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Гарбук.

Ұқсас сілтемелер