Басып шығару нұсқасы
12.02.2018, 08:08

Димаш Құдайберген екінші мәрте Қытайдың ең танымал әншісі атанды

Димаш Құдайберген екінші мәрте Қытайдың ең танымал әншісі атанды stan.kz

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген екінші мәрте Қытайдың ең танымал әншісі атанды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазып, қуанышты жаңалығымен бөлісті.

“CCTV телеарнасы жыл сайынғы “Top global Chinese music awards” атты марапаттау кешін өткізуде. Бүгінгі осы кеште мен “Жылдың ең танымал әншісі” номинациясы бойынша осымен екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып отырмын. Сіздерді қатты жақсы көремін, махаббаттарыңызға үлкен рахмет”, – деп жазды әнші.

Ал әншінің тыңдармандары оның жетістігі үшін бірге қуанып, “Димаштай қазақ ұлымен мақтанатындарын” айтып жатты.

Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылы мамыр айында Димаш Құдайберген Қытайда “Жылдың ең танымал әншісі” атағына ие болған еді.

Ұқсас сілтемелер