Басып шығару нұсқасы
22.12.2017, 08:55

Жанұялық дипломатия. 5 қулық

Әйелдер біліп қоймасын. Осы 5 қағиданы ұстанған еркек нағыз отағасы болады.

1) Жұмысыңызда қолайсыз жағдайлар болып, әлдекімнен ренжісіп қалсаңыз, әйеліңізге айтудан арланбаңыз. Ақылды әйел қашанда сізге ақыл қосып, басқа шешім қабылдауыңызға себепкер бола алады. 
2) Бала тәрбиесінде анасына қатысты кемшіліктер кездесіп жатса жасырмай, дер кезінде айтқан жөн.
3) Әйеліңізге ешқашан толып немесе әдеттен тыс арықтап бара жатқаны туралы бірден айта көрмеңіз, жанын жаралап аласыз. Мұндай ескертулерді ең дұрысы еркелетіп жатып, есіне салған жөн.
4) Қызмет орныңызда өзіңізге ұнайтын әйел болса немесе сізге өздері тиісе сөйлеп сөзге тартқысы келетін «ерке» келіншектер кездесіп жатса, ол туралы мүмкіндігінше айтпаған жөн. Себебі мұндай әңгіме әйеліңіздің көңіліне секем алып, сәл кешігіп, сәл өзгеріп қалсаңыз, қақапан болып құрылуы мүмкін.
5) Әйелдің ер адамнан қажет ететіні бір ауыз жан жібітер жылы сөз бен еркеклету екендігін біліңіз. «Жаным», «сүйем» деген сөздің әйел заты үшін қуатты күш екенін ескерсеңіз сіздің шаңырақтың шаттығы ортаймайды.

© mahabbat.clan.su

Ұқсас сілтемелер