Басып шығару нұсқасы
15.12.2017, 19:09

Нұрсұлтан Назарбаев Қанат Ислам мен Әсел Сәдуақасованы марапаттады

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мен мен актриса Әсел Сәдуақасоваға «Құрмет» ордені берілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Құрмет» ордені 1993 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен белгіленген. Онымен экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім мен спортты дамытуға еңбек сіңірген қайраткер азаматтар марапатталады.

«Құрмет» ордені қазақ оюларымен нақышталған бес жұлдыз пішінде, оның астынан шапақты сәулелер көрінеді, ортасындағы шеңбердің ішінде гүл жапырақ бейнесіндегі айшықты өрнек, оның астында «Құрмет» атты жазуы бар.