Басып шығару нұсқасы
14.12.2017, 18:15

Психиатр мен психологтарға қаралатын қазақстандықтардың саны артқан

Статистикалық мәліметтерге сай, Қазақстанда психиатр мен психолог мамандарға жүгінетіндер 20 пайызға өскен. Бұл соңғы 3 айдағы көрсеткіш, деп хабарлайды Astana TV.

Мамандар мұны әлеуметтік проблемалардың артып, күйзеліске бой алдыратындардың көбеюімен байланыстырады. Ал кей сарапшылар халықтың оларға жасқанбай баруын жақсылыққа балап отыр. Бұл жүйкесі тозғандардың артуы ма, әлде денсаулығына бей-жай қарамайтындар қатарының көбейгені ме?

Психиатр мен психологқа келушілердің саны артуына орай, ақ халатылардың табысы да еселенген. Яғни түскен қаржы әдеттегіден көп. Мұны ҰЭМ қарасты статистика комитеті растап отыр.

Ұқсас сілтемелер