Басып шығару нұсқасы
06.12.2017, 15:10

The Snowman show: Астанада желтоқсанның 22-сі мен 30-ы аралығында балалармен баруға болатын жер

Бейбітшілік және Келісім Сарайы» желтоқсан айының 22 мен 30 аралығында, күн сайын сағат 11.00 және 15.00-де балаларға арналған жаңа жылдық «The Snowman show» триллерін ұсынады, деп хабарлайды silteme.kz.

«Бейбітшілік және Келісім Сарайы» Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында қаламыздың кішкентай бүлдіршіндері мен балапандарына арналған музыкалық шырша «The Snowman show» триллеріне шақырады. Шоу барысында Ертегі қонақтарымен кездесу, балаларға арналған дискотека, ән кеші жәнеде қызықты ойындар мен флешмоб ұйымдастырылады. 

«The Snowman show» - бұл жаңа жылдық балаларға арналған ертеңгілік. Көздің жауын алар костюмдер, заманауи хореография, керемет күлкі және ең бастысы, «The Snowman show» – интерактивті ертегі!

Тіпті бас кейіпкерлердің өзіне көмек керек!

Ертегінің шарықтау шегі балалардың белсенділігіне байланысты! Дәл осындай ертегі Елорда төрінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

«Бейбітшілік және Келісім Сарайының» сахнасында сіздерді ғажайып ертегі әлеміне саяхат күтеді. Театралды музыкалық көрініс «The Snowman show» кейіпкерлер ерекше қызықты оқиғаларға тап болады. 

Тағы да жағымды жаңалықтың бірі – шоу аяқталғаннан кейін, «Бейбітшілік және Келісім Сарайының» фойесінде Аяз Ата және Ақшақармен мерекелік би кеші, аниматорлармен түрлі ойындар өткізіледі. Сонымен қатар «The Snowman show» кейіпкерлерімен суретке түсетін бірнеше фотоаймақ орналастырылады. 

Сахналық көріністе мультимедиялық декорация қолданылған, бұл көрермендердің әсерлі де әдемі ертегі әлемінің атмосферасын сезіне алуына мүмкіндік береді. 

Қоюшы режиссер: Руслан Нұрланов. 

Шығармашылық топ: Мөлдір Мұканованың Өнер білім орталығы. 

Анықтама үшін:

Билет бағасы 2000 - 2 500 теңгеден  

Екі тілде жүргізілетін қойылымдардың уақыты:

22 желтоқсан 11:00 – қазақ тілінде 15:00 – орыс тілінде

23 желтоқсан 11:00– орыс тілінде 15:00 –қазақ тілінде

24 желтоқсан 11:00 – қазақ тілінде 15:00 – орыс тілінде

25 желтоқсан 11:00– орыс тілінде 15:00 –қазақ тілінде

26 желтоқсан 11:00 – қазақ тілінде 15:00 – орыс тілінде

27 желтоқсан 11:00– орыс тілінде 15:00 –қазақ тілінде

28 желтоқсан 11:00 – қазақ тілінде 15:00 – орыс тілінде

29 желтоқсан 11:00– орыс тілінде 15:00 –қазақ тілінде

30 желтоқсан 11:00 – қазақ тілінде 15:00 – орыс тілінде

Анықтама бойынша тел.: 744-633, 744-628, ұялы.тел. +7 701-877-05-55 +7 701-088-66-99

Ұжымдық тапсырыстар бойынша: +7 775-602-01-50

 Билеттер бойынша қала кассалары: KONCERTYASTANY.KZ:

- КЕРУЕН сауда орталығы, Достык көшесі 9

- KERUENCITY сауда орталығы, Қорғалжын шоссесі 1

- ЖАСТАР САРАЙЫ, Республика даңғылы 34

- АСТАНА КОНЦЕРТ ЗАЛЫ (бұрынғы Конгресс-холл), Бейбітшілік 1.                                         

Ұқсас сілтемелер