«100 жаңа есім» жеңімпаздарымен кездесуі барасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кәріс, жапон, еврей халықтарының еңбекқорлығын мысалға келтірді.
«100 жаңа есім» жеңімпаздарымен кездесуі барасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кәріс, жапон, еврей халықтарының еңбекқорлығын мысалға келтірді.
«Жапондарды алайық. Мені жапондардың сыпайылығы, қонақтарға деген махаббаты таңғалдырады. Бір-біріне сыпайы иіліп, сәлем береді. Сондай-ақ бес жүз мың еврейді Палестинаның тас даласына әкеп тастады. Ол жақта су да, құнарлы топырақ та, маман да жоқ. Ал бүгінде Израиль бізді жыл бойы құлпынай, шиемен асырап отыр. Израильдің ғылыми технологиялары ең үздік саналады. Дәрігерлері де мықты», – деді Назарбаев.
Осы орайда Мемлекет басшысы жалқаулықты жеңіп, алға ұмтылу керектігін атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстан да дамудың жаңа жолдарын іздеу керек. Ол – қазақстандықтардың білім мен ғылымға ұмтылысы болуы қажет.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына қонақжайлылық, мейірімділік пен қамқорлық сынды асыл қасиеттер тән екенін жеткізді.
Дәурен ЕРБОЛАТ Дерек көзі: Baq.kz