Басып шығару нұсқасы
04.12.2017, 00:00

Жастардың жартысы елден кеткісі келмейді

«Қазақстан жастарының 40,4 пайызы басқа елдерге кеткісі келеді» деп мәлімдеді Астанада «Молодежь» ғылыми-зерттеу орталығының өкілдері, деп жазады "Жас Алаш" газеті.

Басылымның хабарлауынша, Орталық «Қазақстан жастары – 2017» баяндамасын дайындау үшін зерттеу жүргізген. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты орталық қызметкерлері сауалнамаға жауап бергендердің 59 пайыздан астамы «Қазақстаннан көшкім келмейді» немесе «Қа­зақстаннан кеткім келмейді» деп жауап берген.

«Молодежь» орталығының ақпараты бо­йынша, Қазақстанның түрлі аймақтарындағы 14-29 жас аралығындағы 2000-нан астам адамды қамтыған зерттеу білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жүргізілген. Орталықтың бас сарапшысы Фарида Мұстаева «Қазақстан жастары – 2017» баяндамасын таныстыруда жастар саны кәдімгідей азайып бара жатқанын айтты. Оның сөзінше, 2014 жылы Қазақстандағы жастар саны 4 293 353 адамды құраса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 3 994 464-ке кеміген.

Ұқсас сілтемелер