Басып шығару нұсқасы
25.10.2016, 10:57

Алматыда банкке шабуыл жасалды

Бүгін таңертең Алматыда «Центркредит» банкінің бөлімшесіне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Baq.kz.

 «Бүгін таңғы сағат 8.10-да Алматы қаласы ІІД Жедел әрекет ету орталығына Алматының Алмалы ауданындағы «Центркредит» банкі бөлімшелерінің бірінің күзетшісіне шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті, белгісіз екі адам күзетшінің қаруын тартып алған. Қалада "Дабыл" арнайы жоспары жарияланды», - деп хабарлады Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қалада қылмыскерлерді іздестіруге және ұстауға бағытталған шаралар кешені өткізіліп жатыр.