Басып шығару нұсқасы
06.10.2016, 10:09

Қытайлық азамат Қазақстан шекарасынан жылан алып өтпек болған

Қазақстандық шекарашылар «Бақты» кедендік өткелегінен өлі жылан алып өтпек болған қытайлық азаматты ұстады, деп хабарлайды BAQ.kz.

 «Мақаншы шекара жасағының «Бақты» өткізу бекетінде шекарашылар 60 жастағы қытай азаматын ұстады. Қазақстаннан Қытайға өтпекші болған азаматтың костьюмінің қалтасынан целлофанға оралған жылан табылды. Жыланның ұзындығы шамамен бір метр», - делінген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Әзірге қытайлықтың бұл жыланды не мақсатпен алып кетпек болғаны белгісіз. Ал осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.