Басып шығару нұсқасы
16.05.2018, 15:40

Қуандық Бишімбаевқа қатысты апелляциялық сот отырысы басталды

Бүгін Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты апелляциялық сот отырысы басталды, деп хабарлайды 24.kz.

Экс-министр мен басқа да сотталушылардың шағымын үш бірдей судья Алма Есімова, Ерлан Қосмұратов және Әсем Рамазанова қарап жатыр.

Түске дейін қорғаушылар сот алқасына айыптылардың арыздарын жеткізді. Олардың дені сотталғандарды бұл процеске қатыстыру туралы өтініш білдірді. Ал экономика министрлігін басқарған шенеуніктің адвокаттары болса Бишімбаевтың кінәсіздігін дәлелдейтін жаңа айғақтар ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, 14 наурыз күні бірінші инстанция экс-министр ірі көлемде пара алды деген шешім шығарып, атқамінерді 10 жылға бас бостандығынан айырды.

«Құрметті, судья! Сізден Қуандық Бишімбаевты сотқа қатыстыруыңызды сұраймын. Мен басқа да адвокаттардың өтініштерін қолдап, сотталғандардың бұл процеске жеке өздері келіп, араласуын өтінемін», - дейді Қуандық Бишімбаевтың әйелі Назым Бишімбаев.

Ұқсас сілтемелер