Басып шығару нұсқасы
14.05.2018, 16:04

Қыз алып қашып, әлеуметтік желіні шулатқандар табылды

ОҚО-да қыз алып қашумен әлеуметтік желіні шулатқан бейнежазба кейіпкерлері анықталды.

Таяуда Баспасөз ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде көкөніс сатумен айналысатын қызды алып қашқан сәт түсірілген бейнежазба тарап кетті. Қыз алып қашу Оңтүстік Қазақстан облысында орын алған. "Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ролик кейіпкерлерінің тұлғасын анықтады. Олардың барлығы ОҚО тұрғындары. Қыз да, оның туыстары да ешкімге кінә артып отырған жоқ. Қазіргі кезде қыз тұрмысқа шыққан», - дейді ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Енді қыздың туыстары аталмыш бейнежазбаны желіге таратқан адамдарды сотқа бермек.

Дереккөз: ktk.kz 

Ұқсас сілтемелер