Басып шығару нұсқасы
11.03.2018, 16:42

Лос-Анджелестегі сауда орталығында атыс болды

Лос-Анджелестегі сауда орталығында атыс болды Qamshy.kz

Лос-Анджелес қаласындағы Glendale Galleria сауда орталығында атыс болып, іштегі адамдар түгел эвакуацияланды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың дерегіне сүйеніп. 

Зергерлік дүкенді тонамақ болмақ қарақшыларды тоқтату үшін ғимарат күзетшісі оқ атқан. Сауда орталығының менеджері Брент Гарднердің айтуынша, үш белгісіз адам дүкен витринасын Rolex сағатымен ұрып сындырмақ болған. Осы кезде дүкен күзетшісі қарудан оқ атуға мәжбүр болыпты.

Қарудың даусы шыққан соң адамдардың есі шығып,қаша жөнелген.

«Сауда орталығының ішіндегі адамдар шулап, бір-бірін таптап сыртқы есікке жүгірді», - дейді басылымға сұхбат берген куәгерлердің бірі. Атыстан ешкім зардап шеккен жоқ. Дүкен тонауға қатысқан үш адамның біреуі қолға түсті.   

Ұқсас сілтемелер