Басып шығару нұсқасы
04.01.2018, 11:49

Педофилдерді піштіру жазасы 2018 жылдың бірінші күнінен күшіне енді

Асқарбек Қазанғап Асқарбек Қазанғап Фото: Turkystan.kz

Қаңтарда бірқатар заңдар өз күшіне енеді. Мәселен, көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі төмендейді. Ол бойынша темір тұлпар тізгіндегендерге бірқатар жеңілдік қарастырылған. Сонымен қатар, биылдан бастап педоофилдер химиялық жолмен жазаланады, деп хабарлайды silteme.kz АА КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің дерегінше, қаңтардың қаһарын ардан аттаған азғындар көреді. Педофилдерді піштіру жазасы 2018 жылдың бірінші күнінен күшіне енді. Химиялық кастрация қолдануды судья шешеді. Түрмеде педофилге еркектік қуатын әлсірететін дәрі егіледі. Иньекцияның күші бір айға ғана жарамды. Бірақ, сотталушы бостандыққа шыққаннан кейін де 3 жыл қатаң бақылауда болады.

Бұл орайда ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Әсет Оспанов арна тілшісіне берген сұхбатында: "Сондай-ақ педофилдерге шартты жаза қолданылмайды. Оның үстіне Әкімшілік кодекске өзгерту енгізіп, педофильдерге алкогольді сусын мен психатропты препараттар ішуге тыйым салынды" деп атап өткен.

Ұқсас сілтемелер