Басып шығару нұсқасы
30.12.2017, 09:12

Қай елде жаңа жыл тойлаған үшін жауапқа тартады?

Қай елде жаңа жыл тойлаған үшін жауапқа тартады? Фото: Караван

"Жаңа жыл барлығымыз үшін ерекше мереке" десек те, айтулы мерекені "атап өтемін" деп жаза тартуға да болатын елдер бар екен. Бұл туралы e-history.kz порталында жазылған, деп хабарлайды silteme.kz

Ақпарат көзінің дерегінше, мұсылман мелкеттері оның ішінде  Египет, Ливан, Сирия, Біріккен Араб әмірліктері жаңа жыл мерекесін тойлады. Бірақ жаңа жыл барлық араб елдерінде тойланбайды. Мысалы, Сауд Арабияда 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні жаңа жылды тойлайтын болсаңыз жауапқа тартыласыз.

Сонымен қатар, бұл мерекені атап өтуде асыра сілтеп, рекорд жасаған елдер де баршылық көрінеді. Бұған қатысты портал бетінде "Әлемдегі ең үлкен жасанды шырша Шри-Ланканың астанасы Коломбо қаласында құрылған. Шырша миллиондаған бүршіктер мен жүздеген мың мерекелік алаумен көмкеріліп, болат шыбықтар мен сымдардан жасалған. Биіктігі 73 метрге жетеді" деп дәйектелген.

Әрине, әр елдің тойлау дәстүрі де өзгеше. Бұл заңды да. Ол сол елдің климаттық ерекшелігі мен ұзақ жылдар бойы қалыптасқан дәстүріне де байланысты. Соған қарамастан олардың дені әлемдік стандарттан ауытқи бермейді. Ал Қазақстанда да әр жылдың бірінші қаңтарына қараған түні — Жаңа Жыл мерекесін тойлайды. Бұл жағынан бізге шектеу жоқ. 

 

 

Ұқсас сілтемелер