Басып шығару нұсқасы
05.12.2016, 12:47

Ләйлә Сұлтанқызы: Менің суретіммен арықтау туралы жарнамалайтындардың бәрі алаяқтар

Соңғы жылдары елімізде өз тауарларын жарнамалау мақсатында олардың рұқсатынсыз танымал тұлғалардың есімін пайдалану жиілеп кеткен.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің суреттерімен жарнамаланып жатқан түрлі биологиялық белсенді қоспалар мен арықтатуға арналған дәрілерге сенбеуге шақырды.

«Түрлі БАД-ты, дәріні жарнамалап жүргендердің бәрі алаяқтар! Мұны жаңалық, сенсация қылудың өзі ұят», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Л. Сұлтанқызы артық салмақтан табиғи жолмен арылуға кеңес берді.

«Бірақ дұрыс тамақтану (ешқандай да диета емес), спорт (қатырам деп айта алмаймын), өзіңді сүю, өзіңді!» – деп жалғады сөзін тележүргізуші.

Л. Сұлтанқызы 5 жыл ішінде адам танымастай өзгергенін суреттері арқылы көрсетті.

Ұқсас сілтемелер