Басып шығару нұсқасы
28.11.2016, 13:02

Қазақтың тойына «спецназ» басып кірді

Қазақ тойларының бірінде түсініксіз жағдай орын алды. Тойдың қызған шағында залға бетперде киген бірнеше қарулы сарбаз басып кірді, деп хабарлайды baq.kz.

Той өтіп жатқан мейрамхана залына арнайы әскери киім киіп, атоматпен (ойыншық болуы да мүмкін – агент) қаруланған арнайы жасақ сарбаздарына ұқсас бір топ жігіт басып кірді.

Олардың бірі тілек айту үшін тойда сөз алған қонақтардың бірімен ұстасып қалды. Соңынан жігіттердің бірі қолына микрофон алып, келтірілген жайсыздықтар үшін жиылған қауымнан кешірім сұрады. Видео таяуда YouTube әлеуметтік желісіне жүктеліп, әп-сәтте тарап кетті.

Бұл оқиғаның қашан және қай қалада болғаны нақтыланбаған. Сондай-ақ, тойға басып кіргендердің кім екені де айтылмаған.